Өзбек халық жұмбақтары

Көк кесенi төңкердiм.
(Аспан)

Аппақ сандық ашылды,
Әлемге нұр шашылды.
(Аспан, Күн)

Тау басында от жанар.
(Күн)

Алтын келсе, күмiс кетер,
Күмiс келсе, алтын кетер.
(Күн, Ай)

Кешкiсiн көргем пәтiр нан,
Таппадым таңда шатырдан.
(Ай)

Анасы бiр,
Баласы мың.
(Ай мен жұлдыздар)

 

Кiп-кiшкентай өзi,
Жылтырайды көзi.
(Жұлдыз)

Бiр атасы бар,
Бiр анасы бар,
Осы екеуiнiң мың баласы бар.
(Күн, Ай, жұлдыздар)

Бiр пәлекте он екi қауын.
(Жыл – он екi ай)

Күндiз таяқтасады,
Түнде құшақтасады.
(Кiрпiктер)

Қас қағымда ғаламды кезер.
(Қиял)

Балдан тәттi,
Зәрден ащы.
(Тiл)

Қоян емес,
Ұзын құлақты,
Ат емес,
Төрт тұяқты.
(Есек)

Түйе дер ем, үлкен,
Үстi жазық, тым кең.
(Пiл)

Пiсiрсе – ас болады,
Пiсiрмесе – құс болады.
(Жұмыртқа)

Кiшкене қазанның асы тәттi.
(Жаңғақ)

Қотыр тас,
Iшi ас.
(Бадам)

Ас iшiнде тас,
Тас iшiнде ас.
(Өрiк)

Бiр анадан – жүз бала,
Жүзi-дағы бозбала.
(Жүзiм)

Қара өгiзiм қораға кiрерде
Құйрығын жұлып тастадым.
(Мейiз)

Қардай аппақ,
Жүндей жұмсақ.
(Мақта)

Күнге қарап шаршамайды, талмайды,
Өмiр бойы Күннен көзiн алмайды.
(Күнбағыс)

Иегi жерге қараған,
Сақалы көкке қараған.
(Сәбiз)

Қырық көйлегi бар,
Бiр түймесi жоқ.
(Пияз)

Шайнап-шайнап, жұтпаймын.
(Сағыз)

 

Қара өгiздiң жамбасын
Қызыл өгiз жалайды.
(Қазан мен от)

Өзi үлкен,
Кiшiге иiлiп сәлем бередi.
(Шәйнек)

 

Үстi қақпақ,
Асты қақпақ,
Iшi жапырақ.
(Кiтап)

Аттан биiк,
Иттен аласа.
(Ер-тоқым)

Тептiм,
Терекке шықтым.
(Атқа мiну)

Ағасы iнiсiн қуып жете алмайды.
(Арбаның доңғалақтары)

Өзбек тілінен аударған — ақын, аудармашы Байбота Қошым-Ноғай

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *