Абайға тағзым

Киелі топырақтың даналары,
Шәкәрім, Абай, Мұхтар саналады.
Бұл күнде ұрпақтары мақтан етер,
Сөздері бар аймақты аралады.

Әжесі мен анасын аялады,
Қарындасқа қамқорын аямады.
Жастарға лағынетін айтар ма еді,
Жіберген қарттар үйіне аналарды?

Араласып билікке неше күннен,
Білім алған жаңылмай есебінен.
Ел танып, жер танумен есейгенде,
Жер дауын, жесір дауын шеше білген.

Дана Абайды ырықсыз түзеген кім ,
Көз алдыма тағдырын тізе бердім.
Егерде мен өмірден шалыс бассам,
Өлеңнен өнеге алып түзелермін.

Ердос МАРКЛЕНҰЛЫ,
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Т. Қожакеев атындағы №39 мектеп-гиназиясының 9-сынып оқушысы

ПІКІР ЖАЗУ