Уақыттың қадірі

Өмір өз ағымымен ағып келеді. Сол сияқты уақыт та өмірдің көлеңкесінен қалыспауда. Уақыт жұмысқа асығып бара жатқан іскер, яки өз бағытымен зуылдап бара жаткан пойыз іспетті. Уақыттың көз алдымызда қалай өтіп жатқанын сезбейміз де. Себебі жақынымызды уақытында сыйлай алмаймыз, қолда бар алтынның қадірін ұғынбаймыз, уақытылы әрекет жасамаймыз. Таңның қалай атып, қай уақытта батқанын байқамай да қаламыз. Бір уақытта күннің мерейленген шуағының жүзі көрінсе, көзіңді ашып-жұмғанша бір сәтте күн ұясына қызара батып, аспанды қара түнек басады. Уақыт сен үшін кідіре тұрмайды, ал сен уақытты тоқтата алмайсың. Себебі, уақыт керуеніне бөгет жоқ.

«Уақыт – алтын» дегендей, қолыңдағы ақша, байлық, алтындарыңды жоғалтқың келмейді. Сол сияқты уақыт та – алтын, оны жоғалтуға болмайды. Уақыт құнын дұрыс бағалай білген адамға қымбат сезілсе, құнын бағалай білмеген адамға мән-мағынасыз, арзан сезіледі. Қазақ адам ғұмырының қысқалығын қамшының сабына теңеген. Осындай қысқа өмірді шынайы сүйсең, уақытты да асылыңдай ардақта. Ал уақытты бағалай алмайтын адамды Абай атамыз: «Білмеген – соқыр, қайғысыз отыр, тамағы тойса – жатуға,» – деп теңеген екен. XXI ғасырда адамдар өлшеулі өмірін уақытты тиімсіз пайдаланумен өткізуде. Қазіргі жастардың әрекеттері ақырзаманның белгісі болғаны соншалық, Алла Тағала «коронавирус» деген дертіне шипа болмай тұрған жаман ауру жіберді. Бастауы Қытайдан болған бұл дертті ғылыми тұрғыдан зиянды жәндіктер мен жануарларды тұтынғаннан дейді. Ал меніңше, бұл дерт қытайлықтардың Жаратқанға қарсы шыққанынан, құран кітаптарды өртегенінен, мешіттерді бұзғанынан, Хақтың жіберген жазасы болды. Бұл дерт жалғыз Қытайды емес, бүкіл әлемді дүрліктірген, сары уайымға салғызған ауыр салмақ болғандай.

Демек, күнә қылған тек Қытай ғана емес, бүкіл әлем. Біздің елдің де арқалаған жүгі ауыр, күнәсі аз емес. Ата-анасының қадірін білмей қарттар үйіне өткізу, балалардың қоқысқа тасталынып, жетімдер үйіне тап болуы, қыздардың жалаңаштанып ардан безуі, жігіттердің боянып, намыстан жұрдай болуы. Қызда ұят жоқ, ұлда намыс жоқ, ата-ананың сыйы жоқ, баланың зары көп, әділеттің құны жоқ, параның құлы көп заман болды. Оның үстіне бұл еліміздегі мәселелердің бір шеті ғана.

Уақыттың құнын түсіндірген бұл дерт келмей тұрғанда, карантин жарияланбас бұрын қандай еді? Уақыт зымырап, отбасымыздағы жақын адамдарға, бауыр, туған-туыстардың халін сұрауға да мұрша болмайтын еді. Күніміздің қалай өткенін білмей қалатын едік. Ал, қазір ше? Ата-анамыздың көз қуанышы болып, олармен бірге отыруға көп мүмкіндіктер туды. Қосымша деректер, журнал, газет оқып, өзімізге де көңіл бөле бастадық, әсіресе отбасымыздағы адамдарға көңіл бөлуге деген құштарлық пен махаббат және мейірім ұлғайып, шер тарқасып әңгімелесуге деген үлкен мүмкіндіктер туды. Төрт қабырғаға қамалып қалғаннан барлық заттың, уақыттың қадірін білудеміз. Үйде отырып, дұға қылып, құлшылық етіп, бір-бірімізге саулық тілеудеміз.

«Аман бол!», «ауырма» деген ізгі ниетті тілектерді жиі-жиі айтатын болдық. Мұнымен айтқым келгені, Алла Тағала басымызға ауыр сын жібергенде ғана емес, әрдайым уақытты бағалай білу керек. Себебі, уақыттың қадірлілігі сонша, ата-ана – уақытша, бауырлар – уақытша, туған-туыс – уақытша, балалық шақ, мектеп, мал-мүлік, денсаулық, тіршілік, тіпті уақыттың өзі уақытша. Әлі де кеш емес. Қамшының сабындай қысқа өмірдің, уақыттың қадірін түсінейік!

Аяжан ИМАНАЛЫ, жас тілші,
Жамбыл облысы, Сарыкемер мектеп-гимназиясының оқушысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *