Қазақстан

6bet_f6Қазақстан — алтын ордам, еңселі,
Татулығым, елдігімнің өлшемі.
Өз елімнің көк байрағын көтеріп,
Мәңгі бақи сүйіп өтем мен сені.

Қазақстан — ғажап өмір байтағым,
Күндей күліп, гүлдей өсіп жайқалдың.
Барлық ұлтпен бауырласып, достасып,
Қазағымның ән–ұранын айтамын.

Қазақстан — өз Отаным, қорғаным,
Маған ыстық әрбір өзен, орманың.
Аманаттап бабаларым қалдырған,
Құт мекеннің түсінемін зор мәнін.

Қазақстан — таусылмайтын жыр, әнім,
Тәуелсіздік мәңгі айтар ұраным.
Дінімізді, тілімізді сақтасақ,
Бейбітшілік төгіп тұрар шуағын.

Кенде емеспіз елін сүйген хас ұлға,
Тізгініңді тапсыра бер асылға.
Достық, Бірілік, Ынтымақты ту етіп,
Қазақ елі өрле жаңа ғасырға!
Жанболат ӨТКЕЛБАЕВ.
№ 112 орта
мектеп.
Алматы қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *