Футболдан Еуропа чемпионаты келесі жылға шегерілді

      4 жылда бір келетін футболдан Еуропа чемпионаты биыл 12 маусым – 12 шілде аралығында өтуі керек болатын.  Бүкіл әлемді дүрліктірген коронавирусқа байланысты бұл дүбірлі дода 2021 жылы өтетін болды. Бұл ауру ауыздықталып, барлығы бәз баяғы қалыпқа түседі деп сенеміз. Әне-міне дегенше келесі жылға да жетіп, көпшіліктің қызығушылығын арттырып, делебесін қоздырған чемпионатты тамашалармыз.

Бұл жарыс кей футболшылар үшін спорттық кезеңінің соңы болса, ал кейбір жас футболшылар үшін өзін жанкүйер мен бапкерлерге жаңа қырынан көрсету болмақшы.

                              Топқа бөлу рәсімі

       2019 жылдың 30 қарашасында Бухарест қаласында құрамалар топқа бөлінді. Биыл топқа бөлу рәсімі ерекше өтті. Себебі, Еуро байқауына 60 жыл. Жарыс алғаш рет бірден 11 елде өтпекші: Италия , Ресей, Әзірбайжан, Англия, Венгрия, Дания,  Ирландия, Испания, Нидерланды, Румыния, Шотландия.

Оны бірі қолдаса, бірі  келіспейді…

                                    Ең мықты топ

       Әрине,  F тобы мықты әрі қызықты шықты. Португалия, Германия, Франция, ал  4-құрама белгісіз. Алғашқы айтылған үш  елдің футболшыларының дәрежелері тең. Олардың жарыс жеңімпазы болуына мүмкіндіктері мол.

                                Топ 6 фаворит

Әр елдің оқу-жаттығу жиындарының әр түрлігіне байланысты 24 командының ішінен алға озып шығары болады. Солардың бірі – Португалия. Осы доданың дәл қазіргі чемпионы. 2019 жылы алғаш рет  өткен «Ұлттар лигасы» жарысының жеңімпаздары және құрамында футбол тарихындағы үздік футболшылардың бірі Криштиану Роналду бар елді бағаламауға болмайды. Англия. Ағылшын премьер лигасының жарық жұлдыздарынан құралған ағылшындықтар осы жарыста ұзаққа шабатыны сөзсіз. Нидерланды футболшылары. Дәл қазір құрама жалындап тұрған жас ойыншылардан құралған. 2018 жылы барлығы өзгеріп, команда толық жаңарды. Әзірге өзгеріс оң нәтиже көрсетуде. Йохим Льев бастаған неміс футболшыларының іріктеу кезеңіндегі ойыны жаман емес. Бірақ өз араларындағы жанжалдар, үздік ойыншылардың кетуі, Ресейде өткен мундиальдағы сәтсіз өткен ойындар Германия құрамасының толық өз-өзіне келе алмағанын көрсетеді. 2018 жылғы әлем чемпиондары Франция құрамасы осы доданың бас фавориті болып саналады. Сапында: Мбаппе, Канте, Гризман секілді ойыншылар бар француздарды қазір тоқтату мүмкін емес көрінеді.

Біле жүр

Фаворит – жеңіске мүмкіндігі жоғары команда

Андердог, аутсайдер – соңғы орында тұрған команда

Мундиаль – португал тілінен аударғанда Әлем чемпионаты деген мағынаны білдіреді

 

                                           Жасұлан САЙЛАУБЕК, жас тілші,

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Бейсебаев мектебінің оқушысы

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *