«Сәтті күн» омлеті

Құрамы:

2 дана жұмыртқа;

2 ас қасық кілегей немесе сүт;

Қызанақ;

Ірімшік;

Шұжық;

Өсімдік майы;

Тұз және бұрыш;

Дайындау тәсілі: Алдымен қалыпты майлаймыз. Жұмыртқаны кілегеймен, тұзын, бұрышын қосып, араластырып аламыз. Қоспаны қалыпқа құямыз. Қызынақты, үккіштен өткен ірімшікті, майдалап туралған шұжықты саламыз. 220 С ысытылған  пеште 15-20 минут пісіреміз.Осымен тез даярланатын тағамдар дайын. Ас дәмді болсын!

                                Үгілген ірімшік бутерброды

Құрамы:
ірілеу бір майшабақ; 2 түйір картоп; 2 түйір сәбіз; орташалау жарты қызылша; жарты пияз; бір шай қасық петрушка көгі; тұз татымына қарай.
Дайындау тәсілі:
Ірімшік ұсақ көзді үккішпен үгіліп, ұнтақ қызыл бұрышпен араластырылады. Бір үзім нанға әуелі жұқалап сары май, содан соң әлгі қызыл бұрышпен араластырылған ірімшік жағылады.
Майшабақтың ішек-қарны, басы алынып тасталып, терісі сыдырылады. Қабырғалары мен омыртқалары алынып тасталынады. Жақсылап жуылады. Аздап сүтке не салқын шайға салынып қойылады. Содан соң өткір пышақпен бірнеше бөлікке бөлінеді.
Жайпақ ыдыстың ортасына картоп, оның үстіне туралған майшабақ, оны айналдыра манағы піскен сәбіз, қызылша салынады. Дастарқанға әкелерде өсімдік майы, сірке суы, қант және бұрыштан дайындалған майшабақ тұздығы құйылып, сақиналап туралған пияз және көк себіледі.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *