Тәуелсіздік

6bet_f14Тәуелсіздігіміз 18 жылға аяқ басты. Осы мерзім ішінде көк туымыз әлемнің талай жерінде желбіреп, әнұранымыз сан мәрте шырқалды. Егеменді елімізді күллі дүние танып үлгірді. Мен осының бәрін бұрынғы өткен ата- бабаларымыздың ерен ерлігінің жемісі деп білемін. Мен мұны азаттық жолында өз жауларымен арыстандай алысып, жолбарыстай жұлысқан Қабанбай мен Бөгенбай, Райымбек пен Наурызбай секілді батырлардың, кешегі Бауыржан мен Әлия, Мәншүктердің жанқиярлық ерлігінің жемісі деп білемін. Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді. Басқа емес, бір ғана 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасын айтсақ та жеткілікті. Біз туған жерге туымызды тіккен елміз. Біз- бақытты елміз. Ал, біз сол бақытты елдің мұңсыз да қамсыз беймарал ұрпақтарымыз. Батырларымыздың ерлігіне бас иіп, тарихқа тағзым ету, сөйтіп, ертеңгі болашақ үшін үздік оқу, еңбекте алда болу, ұлы Абай тілімен айтқанда, «дүниеге бір кірпіш болып қалану» біздің ең бір абыройлы міндеттеріміз деп түсінемін.
 Әйгерім ЕРКІНҚЫЗЫ. 
Алматы облысы,
Сарыжаз ауылы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *