Ұлыс күні

Наурыз деген ұлы той,
Наурыз деген ғажап қой.
Наурыз деген ұлыс күн,
Наурыз сәні көже ғой.

Көктем сәні гүлменен,
Наурыз сәні жұртпенен.
Дастарқан толар дәмдіге,
Көже келер құртпенен.

Наурыз бенен ақ келер,
Ақпен бірге шат келер.
Көңілі елдің жайланып,
Қыдыр келер, бақ келер.

Лашын ТЕМІРЖАНҚЫЗЫ.
Қарағанды облысы,
Абай ауданы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *