Абай атаға

Абай осы кім болады негізі,
Абай десе елеңдейді ел ізгі.
Абай деген бізге алтын төрт әріп,
Абай деген өлеңнің бір егізі.

«Абай жолы» ақын жайлы сырды ашқан,
Өмір жолы бітпейтұғын жыр-дастан.
Абай ақын қазағына жаны ашып,
Жан жүрегі жырыменен үн қосқан.

Қанға бөліп жұтқан тарих талайды,
Ғашықтарды қас жауындай санайды.
Махаббаттың құдіретін жырласаң,
Еске аламыз Тоғжан менен Абайды

Қыздарымыз қандай еді өрелі,
Бұрымды еді желбіреген желегі.
Аналардың тектілігін сөз қылсақ,
Ұмытпаймыз Ұлжан менен Зерені.

Бағаласақ алтын басын төрдегі,
Қазағымыз Абайсыз да ел еді.
Ұлы Абайды дүниеге әкелген,
Ең бірінші Құнанбайдың еңбегі.

Ұлылықта тектілікті таңдайды,
Соған сәйкес ғасыр үні жалғайды.
Ешбір адам туа салып тексізден
Өзі жетіп текті бола алмайды.

Тарих деген құр сөз емес жай ғана,
Қарай қалсаң өмір деген айнаға.
Құнанбайдай қасиетің болмаса,
Сенен Абай туады деп ойлама!

Батыр ХАЙРУЛЛИН,
Алматы қаласы, Түркісіб ауданы, Д.Бабаев атындағы «№115-мектептің 9-сынып оқушысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *