Сен де байсың

Сәлем менің қымбатты оқырманым! Көңіл күйің қалай? Бүгін мен арнайы сен үшін қызықты тақырыпта материалдар жинадым. Ендеше оқып, қызықты ақпаратпен достарыңмен де бөліс. Бүгін мен өздеріңе әлемдегі ең бай адамдар туралы мәліметтер дайындадым. Әлемдегі ең бай кәсіпкердің 647-сі АҚШ азаматы екен. Forbes тізімінің басында Amazon интернет сауда компаниясының басшысы Джефф Безос тұр. Оның байлығы 131 миллиард доллар деп бағаланған. Әлемдегі ең бай екінші адам — Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс. Оның байлығы 96 миллиард доллардан асады.
Биылғы тізімдегі ең жас миллиардер — 21 жастағы тележұлдыз, модель һәм іскер Кайли Дженнер. Осы тізімде Қазақстан мемлекетінің азаматтары да бар. Ол да бір жетістік емес пе?! 2019 жылғы тізімде байлығы еселенген бір қазақстандық — Болат Өтемұратов. ҚР-ның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы іс басқарушысы әрі көмекшісі Өтемұратов биыл 3,4 миллиард долларға тең дәулетімен 645-орынға көтерілген. Былтыр ол 2,6 миллиард долларымен 924-орында тұрған еді.
Әрине, материалдық тұрғыдан қаржысы ең көп адамдар туралы енді сен де білесің. Дегенмен, ең бай адам — басында баспанасы, жанында қолдаушылары, отбасы бар, 12 мүшесі сау адам. Яғни әлемдегі ең бай адамдар тізіміне сен де кіресің, достым! Қорытындылай кетсек: «Бай болу жасқа, дипломға, танысқа байланысты емес»,- демекші, әрбір миллионер кезінде көп еңбектенген. Бай адамдардың біразы осындай жетістікке қалай жетті деген сөз бәрімізді де мазалайтыны ғажап емес. Бай болу үшін олар жас кездерінен алдыларына мақсат қойып, өзге балаларға қарағанда қызығушылықтары жоғары болған. Ешқандай қиындықтарға қарамастан алға қарай жылжып отырған. Және өз-өздеріне шектеу қоймаған. Яғни бай болу үшін олар өздерін жан-жақты жетілдіріп отырған. Ешқашан үйренуді кеш деп санамаған. Мінекей, болашақта Қазақстанның аты осы тізімде жарқырап тұратындай деңгейге жеткізуге толықтай қабілетіміз бар емес пе?! Ең бай адам болу үшін — ең алдымен бойымыздағы артқа жетелейтін қасиеттерімізден арылуымыз керек. Келесі нөмерде өздеріңмен бұдан да қызықты мәліметтермен бөлісетін боламын. Қызықты мәліметтерді оқып қана қоймай, болашақта қызықты адам бола білу де қажет!

Әсема ДҮЙСЕНБЕК, жас тілші, Жамбыл облысы, Шу ауданы, 9-сынып оқушысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *