Тәтті нан

Құрамы:

Қамырға қажетті азық-түліктер:
200 мл сүт, 1 дана жұмыртқа, 2 ас қасық өсімдік майы, табаны майлауға да май қажет. 550 гр. ұн, 7 гр. ашытқы, 2 ас қасық қант,1 шай қасық тұз.
Салмаға: 400 гр. сүзбе , 2 ас қасық қаймақ , 1 жұмыртқаның сары уызы, 1 пакет ванильді қант.
Бетіне жағу үшін: 1 дана жұмыртқа, 1 шай қасық сүт.

Дайындау тәсілі:

Қамырды дайындап 1-1,5 сағатқа жылы жерге қоямыз. Ашыған қамырымызды кішірек бөліктерге бөліп, ортасына ойық жасап салмамызды саламыз. Бетіне жұмыртқа мен сүттен дайындалған қоспамызды жұқалау етіп жағып, алдын-ала қыздырылған (180-200 градус) пеште пісіреміз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *