Сүйіспеншілік шыңы

Ертеде бір ұстаз шәкірттеріне мынадай сауал жолдапты:Ертеде бір ұстаз шәкірттеріне мынадай сауал жолдапты:– Адамдар ұрсысқан кезде, олар не үшін айқайлайды? – Себебі ол кезде пенде тыныштықты тәрк етеді, – дейді сонда бір оқушы. Сол сәтте ұстаз:– Десе де, егер екінші адам біріншісіне жақын тұрса, не үшін қатты дауыстап айқайлау қажет? – деді.– Онымен жай сөйлесудің қажеті жоқ па? Егер сен ашуға булығып тұрған болсаң, не үшін оған айқай саласың? Осы кезде оқушылар сан түрлі жауаптарды жаудырған еді. Бірақ олардың бірде-бірі ұстаздың көңілінен шықпады.Бәрібір ең сонында ұстаз мән-жайды былай түсіндірді:– Бұл фәниде адамдар қашан бір-біріне риза болмаған сыңай танытса, сол кезде олардың жақын болған жүректері бір-бірінен ажырай бастайды. Ал осы алшақтап қалған жақындықты қалпына келтіру үшін һәм бір-біріне құлақ асулары үшін оларға айқайлау қажет болады. Пенде баласы неғұрлым ашуға булыққан болса, тиісінше соғұрлым қатты айқайлайды.– Ал адамдар бір-біріне ғашық болған сәтте не болуы мүмкін?– Олар айқайламайды, керісінше, жай сөйлейтін болады. Өйткені сол мезетте олардың жүректері бір-біріне жақын және олардың арасындағы қашықтық өте аз мөлшерде болады. Егер, бұдан да қатты ғашық болған сәтте не орын алуы мүмкін? – деп, сөзін әрмен жалғады ұстаз. – Олар бұл шақта сөйлемейді, олар тек жай ғана сыбырлай үндесіп, сүйіспеншілік пен мейірімге бөлене береді. Ақырында, оларға сыбырлаудың да қажеті болмай қалады. Олар жай бір-біріне қарап қана, бәрін сөзсіз түсінетін деңгейге жетеді. Ал бұндай сезім бір-бірін шын жақсы көрген адамдардың басында ғана болары хақ…
Орыс тілінен аударған –  Елмұрат ОРАЗ,СДУ-дің 3-курс студенті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *