Шығармашылық  байқау!

                                                                              Шығармашылық  байқау

                                     Құрметті жас оқырмандар!

«Алтын жұлдыз» сыйлығының лауреаты, жас зиялыларға арналған республикалық «Мөлдір бұлақ» журналы биылғы жылғы шығармашылық байқауын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Жүрегімнің түбіне терең бойла» деп атады. Оған еліміздің барлық аймақтарындағы оқырмандарымыз – мектеп оқушылары тегін қатыса алады.

Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы өз ойларыңды көркем жазып, өлеңдері мен қара сөздеріне, данышпандық, ақындық, аудармашылық, сазгерлік сияқты қырларына талдау жасап, өздеріңе әсер еткен, ойлантқан сөздері жайлы эссе жазып, бізге жолдаңдар.

Байқаудың шарттары

Эссенің көлемінде шектеу жоқ.

Эсселер 2020 жылдың 12 айына, 9 айына, немесе 6 айына журналға жазылған түбіртектің көшірмесімен бірге жолданады.

Байқауға эсселер 2020 жылдың 1-желтоқсанына дейін қабылданады.

Журналға жазылды деген квитанция түбіртегі мен эссені moldir_bulak@mail.ru электронды  поштасына жібересің.

Эссенің соңына оқушының аты-жөні, мекен-жайы, мектебі мен сыныбы, ұялы телефонының нөмірі (өзінде болмаса ата-анасының нөмірін жазса болады), жетекші ұстазының аты-жөні мен ұялы телефонының нөмірі міндетті түрде жазылуы керек.

Байқаудың қорытындысы 2020 жылдың желтоқсанында шығып, жеңімпаздар Алматыда өтетін марапаттау рәсіміне арнайы шақыртылады.

Жеңімпаздар дипломдарме

н, бағалы сыйлықтармен, ұстаздары Құрмет грамотасымен марапатталады.

Байланыс телефондары: 8 707 824 76 99; 8 708 658 33 95.

 

 

 

Жас достар!

«Мөлдір бұлақ» журналына жазылу одан ары жалғасуда. Әр айдың 20-сына дейін өзің тұратын мекен-жайға жақын «Қазпочта» АҚ-ның бөлімшесіне барып жазылсаң

, келесі айдан бастап журнал қолыңа жететін болады.

Алматы қаласы бойынша:

1 ай – 247 ,5 теңге;

6 ай – 1485 теңге;

9 ай – 2227 теңге;

12 ай – 2970 теңге.

Облыстар, аудандар мен ауылдар бойынша:

1 ай – 250,25 теңге;

6 ай – 1501, 5 теңге;

9 ай – 2252,25 теңге;

12 ай – 3003 теңге.

Индекс: 75937

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *