Олимпиада туы Талғарда

Халықаралық математикалық олимпиада 2010 жылы Астанада өтетін болды. Сөйтіп, Қазақстан осы интелектуалдық байқауды ТМД елдері арасында алғаш рет өткізу мәртебесіне ие болды. Демек бұдан, біздің жас математиктердің әлемді мойындатқанын байқаймыз.
Осы орайда, Алматының іргесіндегі қазақ мектептерінің қара шаңырағы, дарынды шәкірттерімен танылған С.Сейфуллин атындағы № 2 орта мектеп олимпиаданың ақ туын алғашқылардың бірі болып қабылдап алу құрметіне ие болды. Мектепке бұл туды Талдықорған қаласындағы № 20 лицейдің шәкірттері, математика пәнінен Халықаралық олимпиаданың 12 дүркін жүлдегері, Талғар қаласының  өркені Нұрсұлтан Қажымұратов, 8 мәрте жүлдегері Қанат Сатылғанов, олимпиада жүлдегері Уәлихан Керімқұл салтанатты жағдайда табыс етті. Олар туды қабылдап алған Абай Ізбасаров, Сәлима Қайыпжанова, Дәулет Смағұлов, Нұрсұлтан Дәулетбаев, Елжас Құрманбай сынды мектептің озат оқушыларына жеңісті жол мен табыс тіледі. Талғар аудандық білім бөлімінің бастығы Клара Төлешқызы мен мектеп директоры Раушан Аманқұлқызы, оқу ісінің меңгерушісі Мирагүл Таубалдықызы жеңіс лебін алып келген жас жеңімпаздарға ескерткіш сыйлықтар табыстады. Салтанатты жиын соңы мекетптің «Балауса» би ансамблі бастаған жас өнерпаздардың биіне ұласты.
          К. КӨКТЕМҰЛЫ.
Талғар ауданы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *