Есте сақтау қабілетіңді арттырғың келсе…

Күнделікті өмірде айналамызда миллиондаған құбылыстар болып жатады. Біз оларды құлағымыз естіп, көзіміз көріп тұрса да, барлығын есімізде сақтап қалмаймыз. Себебі – ол біздің тек қана уақытша жадымызға түседі де, уақыт өткен соң ұмытылып қалады.Дәл осылайша бізде ең қажетті ақпараттарды, емтихан тестерін, маңызды сұрақтарды, отбасындағы мерекелерді де ұмытып қалу кездесіп отырады.
Ұмытшақтық ауруын ең алғаш рет неміс психологы Алиос Альцгеймер анықтаған. Сондықтан бұл ауру медицинада «Альцгеймер» деп аталады. Осыдан бір ғасыр бұрын ауруға шалдыққандардың басым бөлігі 60-тан асқандар болса, қазіргі кезде жастар арасында да ұмытшақтық белең алып келеді.

Ұмытшақтық неден туындауы мүмкін?

Ең алдымен ұмытшақтыққа денсаулыққа байланысты аурулар себепкер. Көп кездесетін қабыну аурулары немесе жас ұлғайған сайын кездесетін түрлі аурулардың әсерінен есте сақтау қабілеті төмендеуі мүмкін.
Екіншіден, зат алмасуға байланысты туындайды. Дұрыс тамақтанбағанда немесе мезгілімен тамақтанбағанда –ми керекті қорегін ала алмаған соң, есте сақтау қабілетінің нашарлауына әкеп соғуы ықтимал.
Үшіншіден — «ақпараттық май басқан» уақытта төмендеуі мүмкін. Ақпараттық май басу дегеніміз – шамадан тыс ақпаратты қабылдау; миға тыныштық орнатпау; дұрыс ұйқы болмауы; өзіне келген ақпараттың барлығын қабылдау – ақыл-ой қажуы және т.б.
Ұмытшақтықты болдырмау үшін әрі есте сақтау қабілетімізді арттыру үшін не істеу керек?

1.Нейрондық байланыстарды үзу қажет

Адам миында миллиондаған нейрондық байланыстар бар. Сәйкесінше адамды дәл сол байланыстар орналасқан ми басқарады. Өмірімізде болып жатқан жағдайлардың барлығы да нейрондық байланыс түзеді. Және сол арқылы есте қалып қояды. Мысалға жаңа туылған сәби әр түлі жағдайларға ұшыраған сайын миында жаңа байланыстар түзіледі.
Көп жағдайда адамдар арасында
«Менің жадым нашар»
«Менің қолымнан келмейді»
«Ұмытшақпын»
«Есте сақтау қиын» — деген секілді нейрондық байланыстар кездеседі. Себебі адамдар осылай ойлағаннан және айтқаннан мида нейрондық байланыстар түзіледі де ол қайталанып айтыла берсе, байланыстар да жуандай береді. Солай миымызға бұйрық беріп аламыз, ал жаңа бір ақпаратты оқитын кезде миымыз оны қабылдамайды. Сондықтан өзіміздегі қарсы байланыстарды үзу керек. Ол үшін қарсы аффирмацияларды дауыстап айтып, миға жаңа нейрондық байланыс жүргізу керек. Миымыз сол затқа сенген уақытта, ескі жаман байланыстар үзіледі.

2.Дұрыс тамақтану

Көп жерлерде дұрыс тамақтану жөнінде айтылып жатады. Рас, бұл 100%-дық нәтиже көрсете алады.
Дұрыс тамақтанудың тәсілдері:
-Шәй, кофе, газды сусындарды ішудің орнына — күніне 2 л су ішу.
Күнделікті белгілі мөлшерде су ішпеген жағдайда мидың құрғап, зейіннің төмендеуі байқалады.
-Жаңғақтарды күнделікті белгілі бір мөлшерде пайдалану.
Жаңғақ құрамында миға пайдалы заттар өте көп. Зейінді арттырып, ұмытшақтықты төмендетеді.
-Аптасына кемінде 1 рет балық жеу керек
Көзге және миға пайдалы майларға бай қорек болып саналады.
-Көкжидек, алма жемістерін жиі пайдалану.
Миды өлі клеткалардан тазартатын дәруменге бай.

3.Ұйқы

-Ерте ұйықтау мидың ұзағырақ тынығуына әсерін тигізеді.
-Түнгі 23 пен 2-3 тердің арасында мелотонин гармоны бөлініп, мидағы өлі әрі қажетсіз қоқыс ақпараттарды тазалайды. Өлген жасушалардан тазару арқылы сергек болып оянуға септігін тигізеді.
-Әрі күнімізді өткізерде ойымыздың бөлініп кетуі де мелотонин гармоны жетіспегендіктен, яғни ерте ұйқыға жатпағандықтан болады. Бастысы жақсы зейін үшін ерте ұйқыға жатып, қоқыстардан тазаланған дұрыс.
-Уақытылы әрі жақсы ұйқы еңбек өнімділігінің жоғарылануына әсері мол.
Ғалымдардың дәлелдеуінше мелотонин гармоны дұрыс бөлініп отырған жағдайда ерте қартаюға қарсы тұрып, ағзаны жас қалпында сақтайды.
Күннің қысқаруына байланысты көп уақыт ұйықтамау қажет.Ұйқымыздың дозасы 8 сағаттан аспағаны дұрыс.

4.Жаңа нәрселермен айналысу

Адам миында көбіне қатты қуанған сәттер, жаман жағдайлар және ойға қонымсыз заттар ұзақ мерзімде есте сақталады екен.
Сондықтан үнемі жаңа нәрселермен айналысу арқылы мидың есте сақталуы жоғарылайды. Ұйықтар алдында күніміздің жақсы сәттерін, оқыған кітап, жаттаған қажетті ақпараттарды қайтадан шолып өту арқылы оларда түзілген нейрондық байланыстарды қозғап, жуандату қажет. Нейрондық байланыстар жуандаған жағдайда есте ұзақ сақталады.
-Есте сақтау қабілетін арттыру үшін ақпарат көзі болып саналатын бес сезім мүшелерін дамытып алуымыз қажет. Көзді жұмып жүру жаттығуы сезім мүшелерін дамытады.

5. Күнделікті жаттығулар

Қазіргі кезде көптеген адамдар есте сақтауды гаджеттердің, теледидар, смартфондардың әсерінен деп ойлайды. Расында да, сан мыңдаған қажетсіз ақпараттарды қабылдай беріп, мидың қажуы орын алады. Және қажетті, ұмытып қалмауымызға тиісті ақпараттарға кез келгенде де осылай есте сақтай алмауымыз мүмкін. Дегенмен смартфондарды жақсы жаққа да пайдалануға болады. Мысалы: көптеген сайттар мен түрлі программалар, ойындар арқылы күн сайын есте сақтау қабілетімізді шыңдай аламыз. Сондықтан заманауи технологияларды дұрыс бағытта пайдалануымыз қажет.

6.Дене шынықтыру

Дене шынықтыру нәтижесінде миға қан келіп, ағза оттегіні белгілі бір дәрежеде қабылдап, мидың жұмысын жақсартады. Дене қозғалысының көптігі ағзадағы зат алмасу процесін де үдетеді. Сол себепті көбірек дене қимыл әрекеттерін жасап, ұдайы спортпен шұғылданғанда есте сақтау қабілетіміздің артуына септігін тигізеді.

7. Миға жүктеу

Жер бетіндегі адамдардың 7%-ы ғана солақайлар екен. Яғни олар көбіне сол қолын іске қосады. Сол қол жұмыс жасағанда, оң жақ миымыз жұмыс істейді екен. Бірақ қалған 93% адамдар оң қолмен жұмыс жасайды. Екі жақтағы миымызды да бірдей іске қосу үшін оң қолмен де, сол қолмен де жиірек жұмыс жасап отыру керек. Бұл миға жаңашылдық болып барады да, мидың жұмысын жақсартады.

8. Дауыстап айту

Есте сақтаудың дұрыс жолы – әрбір әрекетті дауыстап айту. Күнделікті белгілі бір затты қойған жеріңізді ұмытып кетер болсаңыз, әрбір құбылысты дауыстап айтып көріңіз. Мысалы: «мен көліктің кілтін үстелдің үстіне қойдым», «телефонды сөмкеме салып жатырмын» т.б. сөздерді дауыстап айтқанда құлақпен кірген ақпарат мида жақсы сақталады.

9. Қайталау

Белгілі қажетті ақпараттарды аз уақытта ұмытып кетпеу үшін, қайталап отыру қажет. Немесе еске түсіріп отыратын белгі қою қажет. Бүгінде ұялы телефондарда «напоминание» белгісі кездесулерді, туған күндерді, мерекелерді ұмыт қалдырмау үшін еске салып отырады. Сонымен қатар қажетті ақпараттарды, ережелерді уақыт интервалдарымен қайталау арқылы үнемі еске түсіріп, ұмыту қаупін жойып отыруға болады.

10. Мнемозин сырлары

Мнемозин – есте сақтаудың сұлтаны. Соның атына байланысты мнемотехника ғылымы пайда болды. Мнемотехника – белгілі бір затты ассоцация арқылы байланыстыра есте сақтау. Сондықтан қажет болған ақпаратты ассоцация арқылы белгілі бір ерекше жағдайлармен байланыстырып немесе ерекше сөйлемдер құрау арқылы жаттықсақ, есте ұзақ уақыт сақталып қалады.

Феруза ТАҢСЫҚБАЕВА, жас тілші,
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам елді мекені, А.Шерімқұлов атындағы мектептің 11-сынып оқушысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *