Анашым

Әлди-әлди, әлдиін сағындым,
Бір бақытын бере салған тәңірдің.
Сол бақытты сыйлап кеткен маған да,
О! Анашым, анашыма табындым.

Сен қайдасың, іздедің бе сен мені?
О! Анашым, қауышайық кел бері.
Бауырыңа басшы мені құшақтап,
Мына балаң мейіріңе шөлдеді.

Білдім сізден не екенін бақыттың,
Сол бақытпен жүрегімді шалқыттың.
Сен қымбатсың сезесің бе, анашым,
Керегі жоқ, алтын, лағыл жақұттың.

Кетпеші, ана, кетпеші ана, жыраққа,
Бізбен бірге осы жерге тұрақта.
Бір өзіңді сағынатын, аңсайтын,
Мен – балаңды, мен – балаңды жылатпа.
Елшат ТОҚТАРБЕК.
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,
Қырбалтабай ауылы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *