МАТЕМАТИКА жайлы қызықты 7 дерек

1. Ағылшын математигі Абрахам де Муавр қартайған шағында ұйқысының ұзақтығы күніне 15 минутқа артып отыратынын байқаған. Арифметикалық прогрессия арқылы 27 қараша 1754 жылы оның ұйқысы 24 сағатқа ұласатынын анықтаған. Дәл сол күні ол қайтыс болған.

2. Альфред Нобель өз жүлдесінің қатарына математиканы қоспауының себебі, әйелінің математикпен көзіне шөп салғандығында деген сыбыс бар. Негізінде Нобель ешқашан үйленбеген. Нобель математиканы нақты не үшін елемегендігі әзірге белгісіз, бірақ бірнеше болжам бар. Мысалы, сол кезеңде швед королінің математикадағы жетістіктер үшін берілетін жүлдесі болған. Тағы бір себеп – математиктер адамзатқа маңызы бар өнертабыс жасамайды, бұл ғылым таза теориялық маңызға ие.

3. Америкалық математик Джордж Данциг, университеттің аспиранты болып жүргенде сабаққа кешігіп келіп, тақтада жазылған теңеулерді үй жұмысы деп жазып алады. Бұл оған әдеттегі теңеулерден қиын көрінеді, дегенмен ол оны шығарды. Нәтижесінде, ол көптеген ғалымдар шығара алмай келген екі есептің жауабын тапқан.

4. Софья Ковалевская математикамен балалық шағында танысады. Оның бөлмесіне түсқағаз жетіспегендіктен, қабырғалары Остроградскийдің дифференциалдық және интегралдық есептеулері жазылған лекция беттерімен жабыстырылған болатын.

5. Діншіл еврейлер христиандық символикалардан және жалпы крестке ұқсас белгілерден аулақ болғанды жөн санайды. Мысалы, израильдік кейбір мектептерде оқушылар «қосу» белгісінің орнына төңкерілген «т» әрпіне ұқсас белгіні пайдаланады.

 

6. Индиана штатында 1897 жылы Пи саны нақты 3,2-ге тең деген заң жүзінде қабылданатын билль шығарылған. Бірақ университет профессорының уақытында араласуымен бұл билль заң ретінде қабылданбай қалды.

7. Еуро купюрасының шынайылығын оның әріптік сериялық нөмірі мен он бір саны арқылы тексеруге болады. Әріпті оның алфавиттегі реттік санына ауыстырып, бұл санды қалған он бір санға қосу керек. Кейін сандарды бүтін сан шыққанша қоса беру керек. Егер бұл сан 8-ге тең болса, онда купюра жалған болғаны. Тексерудің тағы бір тәсілі сандарды қосуға негізделеді, бірақ әріптің қажеті жоқ. Бір әріп пен саннан құралған нәтиже нақты бір елге тиесілі екенін білдіреді. Еуроны түрлі елдерде басып шығатынын біз жақсы білеміз. Мысалы, Х2 деген нәтиже шықса, демек бұл ақша Алманияда басылып шығарылған.

ПІКІР ЖАЗУ