Су және қысқы спорт түрлері

  Сёрфинг тақтасы қашан пайда болды?

Көптеген су спорт түрлерінің арасында сёрфинг ерекше орын алады. Толқындардың ырғағымен жеңіл тақтада сырғанаудың тарихы өте тереңде. Бұл спорт түрі теңіздегі алапат толқындарды бағындыруымен ерекшеленеді. Бұл экстремалды су спорты бірнеше ғасырлар бұрын Полинезия аралдарында пайда болды. Сол жерден Гавай аралдарына таралды. Бұл жерлер «серфингтің Отаны»деп аталып кетті. Олар ұзындығы 5 м-ден асатын тақталарды пайдаланған. Кейіннен Австралия мен Америка Құрама Штаттарында сёрфингке қызығушылық артты. 1964 жылы алғаш рет бүкіләлемдік чемпионаттар өткізілді.
Серфингист су бетіне сырғу үшін құлайтын толқын энергиясын пайдаланады. Аяқтың тақтадағы қалпын және дененің орналасуын серфбордқа қатысты өзгерте отырып, жылжу жылдамдығы мен бағытын өзгертуге болады. Серфингпен айналысудағы негізгі мақсат –толқынды ұстау, ал ең үлкен қызығушылық – серферді сырғытуға тырысатын құбыр сияқты бұралатын толқындармен өту.

Сноубордпен трюк жасауға бола ма?

Сноуборд (ағылш. snow-қар және board-тақта) – қысқы олимпиадалық спорт түрі. Сноуборд өнертабысы 1960 жылдардың басына жатады. Мичиган штатының Маскигон қаласында Шерман Поппен 1965 жылы өзінің қызы үшін сноубордтың қазіргі заманғы үлгісін ойлап тапты әрі жасап шығарды. Ол екі шаңғыны бір тұтас етіп жабыстырды. Оның конструкциясы бойынша снерферскейтбордқа өте жақын болды, тек доңғалақсыз. Снерфердің бекітпелері жоқ және тақтада ұстап тұру үшін арнайы байланған арқаннан ұстап тұруы керек болды. Тақтаның үстінде сырғанап кетпеу үшін сырғанамайтын аяқ киімді киіп алуды ұсынған.
Сноубордпен арнайы қарлы баурайлардан және таулардан түсу арқылы сырғанайды. Көбінесе сноубордта сырғанау беткейлерде үлкен жылдамдықпен өтеді. Сноубордшының тақтасы қысқа және қалың, онымен ауада түрлі трюктар жасауға болады. 1998 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында Нагано қаласында сноуборд бірінші рет олимпиадалық бағдарламаға енгізілді.

Қайықтар жарысын көрдің бе?

Американың жергілікті халықтары каноэ мен каяк атты қайықтарды өздерінің қажет жерге баруы үшін пайдаланған. Каяк екі басты ескекті болса, каноэ тек бір басты ескекпен суда жүзетін. Каноэмен жүзу 1886 жылы спорт түріне енген. 1936 жылдан олимпиада жарысы осы су спорты түрінен өтеді. Спорттық каноэ тегіс суда есу бойынша жарыстар өткізу үшін қойылатын жоғары талаптармен ерекшеленеді, сондықтан жылтыратылған фанерадан жасалады. Құрамы ең жақсы материал карбон, қызыл ағаш немесе пластмасса. Қайықтың ұзындығы, салмағы және пішіні негізгі ережелермен шектеледі. Жалғыз адам үшін ең жоғарғы ұзындығы – 520 см, ең төменгі салмағы – 16 кг. Екі адамдық каноэның ұзындығы – 720 см және тиісінше салмағы – 20 кг. Адам санына қарай бұл цифрлар түрліше өзгере береді. Қайық төңкерілген жағдайда, қайта қалыпқа келіп алуға мүмкіндік зор.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *