ҰБТ-ға дайындалушыға кеңестер

Ақпаратты тез қабылдағың келсе, интеллект-картаны қолдан!

Суреттегі байланыстар жүйесін интеллект-карта деп атайды. Бұл адамның жүйке жүйесін ұқсайды. Зерттеулердің нәтижесіне көз салсақ, тізім бойынша берілген ақпараттан гөрі, ағаш секілді берілген ақпарат есте тез сақталады және ұзақ сақталады. Миға осындай байланыстар ұнайды.
ҰБТ-ға дайындалар кезде интеллект карта жасап алыңыз. Ішінде бәрін жоспарлаңыз. Дайындалатын пәндер, оған бөлінетін уақыт, қосымша сабақтар, кедергі келтіретін нәрселер, демалыс түрлері, т.б. бәрі қамтылсын. Соған қарап сіз дайындықтың қай деңгейінде жүргеніңізді біле аласыз. Мысалы, математикадан формулалардың өзіне жеке интеллект-карта жасауыңызға болады. Бір бұтағына туынды, енді біріне дифференциал, бір бұтағына тригонометрия, т.б. жалғастыра бересіз.
Интеллект-картаны жасау барысында түрлі-түсті бояуларды қолданыңыз.

Жаттаған материалдарыңды ұмытпау үшін не істеу керек?

Жаңадан білім алып, соны тез меңгергісі келіп жүргендерге арналған ерекше техника бар. Мұның ғылыми атауы – интервалды қайталау (spaced repetition).
Жаттағың келген нәрсені (өлеңді) 11 рет қайталап, оны шамамен жаттап алдың делік. Енді жаттаған өлеңді ешқашан ұмытпайтындай санаңа байлағың келеді. Ол үшін мынадай уақыт аралығында қайталап отыруың керек:

5 секундтан кейін;
25 секундтан кейін;
2 минут кейін;
10 минут кейін;
1 сағат кейін;
5 сағат кейін;
Бір тәуліктен кейін;
5 тәуліктен кейін;
25 тәуліктен кейін;
4 айдан кейін;
Екі жылдан кейін.

Бұл техниканы ҰБТ-ға дайындалуға пайдалан. Жаттаған материалдарың құр кетпесін. Және бізден бір лайфхак: екі жылдан соң тесттерді қайталамай-ақ қойыңыз☺.
Бұл қандай техника? Интервалды техника (spaced repetition) — белгілі бір кезең аралығында сөздерді қайталаудан тұратын мнемотехника. Бұл әдістің негізін америкалық лингвист Пол Пимслер 1967 жылы қалаған. Пимслер сөзді бір оқығанда жаттап алу мүмкін емес екенін ескеріп, оның есте сақталу мүмкіндігін зерттей бастайды. Сөздерді жадыға сіңіп қалғанша қайталай беру арқылы оның санадан өшу уақытын ұзартуға болатынына көз жеткізген.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *