Ұстаз

Заводта болсаң, күнбе-күн
көрінер еді табысың.
Дәрігер болсаң, түрлі емің –
сырқаулы жанның бағы шын.

Ал сенің еңбек жемісің
өзгеше тіпті басқадан:
ол — өзін арнап ел үшін
осынау жүрген жақсы адам.

Жақсы адам – елдің тірегі,
байлығы туған халықтың,
шапағын шашар үнемі
көгінде тұрған жарық күн.

Сан жастың қамын шертесің,
тағдырын ойлап толғанып.
Әр үйдің бір-бір еркесін
үйреттің өзің қолға алып.

Фариза Оңғарсынова, ақын, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *