Доспыз, бауыр, туыспыз

3bet_f11Елбасы Алматыда Түркия Мемлекетінен келген бір топ журналистермен кездесіп, арнайы сұқбаттасқан еді. Әріптестерді Халықаралық «Қазақстан-ZAMAN» газеті мен республикалық «Мөлдір бұлақ» журналының Бас директоры Ахмет Аляз бастап барған. Аталған кездесу Қазақстан Республикасы Президентінің қазан айындағы Түркия мемлекетіне ресми іс-сапары қарсаңында өткізілді.
Сұқбат барысында көптеген мәселе қамтылып, журналистер сұрақтарына жауап алды. Онда екі мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестік мәселесі кеңінен сөз болды. Нұрсұлтан Назарбаев сұқбат барысында: «Мұстафа Кемал Ататүрікті мен өте сыйлайтын адаммын. Өздеріңіз білесіздір, елді құрған кезде ол кісінің жүрген жолын қатты зерттедім, оқыдым. Біздің ел білгеннен кейін жақында Астанада ескерткіш орнаттық. Бұл екі елдің арасындағы қарым-қатынасты, екі елдің достастығын көрсететін өте үлкен бір белгі деп санаймын. Түркия жерінде біздің үлкен жазушымыз, философымыз Абайға, Мағжанға, Қабанбай батырға ескерткіш орнатылды. Қорыта келгенде, барлық түркиялықтарға айтарым: қазақ жерінде, Қазақстанда нағыз бауырларыңыз бар, әр уақытта сіздер өз атажұрттарыңызға келіп тұруларыңызға болады. Біз екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға, экономикалық, саяси, мәдени жағынан екі ел арасын жақындатуға мүдделіміз. Мен қолымнан келгеннің бәрін жасап жатырмын, жасай беремін де» деді. Мемлекет басшысының сара саясаты болашақтың бастауы.

ПІКІР ЖАЗУ