Футбол алаңының көлемі қандай?

Футбол – спортшылар 2 топқа 11 адамнан бөлініп, қарсылас қақпасына гол соғуды мақсат ететін командалық ойын. Қазіргі таңда футбол ең танымал және жанкүйерлері көп спорт түрі.
Футболдың шығу тарихының тамыры өте тереңде жатыр. Ежелде Египет, Қытай секілді елдерде футболға ұқсайтын ойындар да болған.

Жалпы, аяқ допқа қызығушылық танытып, жаңадан жаңкүйерлік етіп жүрген жандарды көп мазалайтын сұрақ: «Футбол алаңының көлемі қандай?» және «Кәсіби футолдың добы қалай жасалынады?»
Футбол алаңының көлемі белгілі бір сандарға тәуелді емес. Бірақ, оның да шектеуі бар. Мысалы, халықаралық деңгейдегі ойындарды өткізу үшін алаң көлемі: екі қақпа арасы 90-120 метр, ал ені 45-90 метрдей ара қашықтықта орналасуы тиіс. Футбол алаңының ауданы 4050 м2 мен 10800 м2 дейін рұқсат етіледі. FIFA-ның нұсқауы бойынша стандартты футбол аланың көлемі 105×60м.

Солардың ішінде әлем сүйер аяқ допқа қатты ұқсайтыны «гарпастум» деп аталған.Және бұл ойынды итальяндықтар ойлап тапқан. Бірақ, ағылшындықтар футболды ойлап тапқаннан кейін, бұл спорт түрлері жойылған. Футболдың Отаны – Англия өздерінің ойлап тапқан спорт түрін алыс-жақын шет елдерде көрсете бастады. Осыдан кейін футбол әлемдегі ең көп сұранысқа ие спорт түріне айналды.

Кәсіби футбол добы негізгі 3 нәрседен жасалынады. Камер (кәмір), астар және қаптан тұрады. Кәмірді көбіне синтетикалық бутилдан немесе табиғи латекстен жасайды. Астар – кәмір мен қаптың ортасында орналасады. Астар жақсы болуы доп сапасының жақсы болуына тікелей байланысты. Қалың болған сайын, доп сапасы да артады. Доптың бұл қабаты полиэстерден жасалынады. Ал, доптың қабы 32 синтетикалық су өткізбейтін бөлшектен тұрады. Және салмағы 450 гр. аспайды.

№ 67 жалпы орта мектебі 7-сынып оқушысы. Шымкент қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *