Тіл туралы толғаныс

ush_biШет елден келген қандастарымыз сөйлегенде, ұйып тыңдамау мүмкін емес. Олар шет жерде жүрсе де өздерінің тілін, ділін, әдет-салттарын қаймағын бұзбаған қалпы сол күйінде сақтап қалған. Қазақтың біз біле бермейтін сөздерін де солардан естиміз. Ең өкініштісі сол, басқаны былай қойғанда, өзіміздің ару қала – Алматының өзінде басым көпшілік – орыс тілінде сөйлейтін секілді. Аялдамаларда, дүкендерде, қоғамдық орындарда жастарымыздың орыс тілінде сайрап тұрғаны ащылау болса да шындық. Қазір қала жастарының көпшілігі ана тілін білмейді. Көбіне жат тілде сөйлейді, әрі соны мақтан етеді. Бұған іштей өкінесің, әрі түңілесің. Бұл не сонда? Егер сен Қазақстанда тұрады екенсің, мемлекеттік тілді білуге тиіссің. Тіл білу ешкімге де зиян емес. Қазақ атамыз «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» дейді. Бізге бір емес, бірнеше тілді білу артық болмайды. Бірақ қазақ тілін білу әрі парыз, әрі міндет. Бұл туралы пікірді Ғ.Мүсірепов, Қадыр мырза Әли сынды ғұламаларымыз тіптен толықтыра түседі…
Ата-бабамыздан мирас болып қалған бар байлығымыз – ана тілімізді жоғалтпай, оны ертеңгі ұрпақтарға аманаттау бәріміз үшін де абыройлы міндет болмақ.
Жанар ӘЛПЕЙІСҚЫЗЫ.
Алматы облысы, Шарын ауылы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *