Балаларға арналған ең үздік фильмдер

    Хроники Нарнии
Егер сен фантастика жанрындағы фильмдерді ұнатсаң, саған «Хроники Нарнии» фильмін ұсынамыз. Төрт бала әке-шешелерінің досының үйіне, кішкентай қалаға келеді. Оның үйінде балалар үлкен шкафты табады. Шкафты ашып, олар сиқырлы Нарния атты әлемге кіріп кетеді. Нарнияда балаларды көп қызықты оқиғалар күтеді.

Чудо
Кішкентай Август Пулман туғаннан сирек генетикалық аурумен ауырады. Көптеген операцияларды бастан өткерген Августтың бетінде тыртықтар мен шорлар қалған. Сол үшін Август үйде оқыған. Мектепке келгенде, басқа балалар оны қабылдамайды. Бірақ Августтың жақсы істерін көріп, балалар Августпен дос болуды қалайды.

Унесенные призраками
Бұл мультфильм аниме мультфильмдердің ең қызықтыларының бірі. Кішкентай қыз Тахироны ата-анасымен бірге жаман сиқыршы елестер әлеміне кіргізіп кетеді. Сырлы әлемде қызды көптеген қауіптер күтеді. Бірақ сиқырлы елестер мен жындар Тахироға қызық көрінеді.

Менің атым Қожа
Басты кейіпкер Қожа ақылды, сонымен бірге бұзық, әкесіз өскен бала. Фильм барысында ол көп нәрсеге ұрынады. Ғашық та болады, төбелеседі де, бұзықтық та жасайды, сабақтан да қуылады, жиналыста тәртібі де қаралады, мектептен қуылуға шақ қалады. Фильмде қазақы ауылдағы ананың, әженің мейірімі, пионерлер өмірі көрсетілген.

Головоломка
Бұл мультфильм адамның ішіндегі сезімдер мен эмоциялар қалай өмір сүретінін көрсетеді. Сюжеттің ортасында – кішкентай Райли атты қыз. Райли жаңа мектепке келеді. Мектептегі балалармен дос бола алмай, ата-анасымен араздасып, Райлинің сезімдері өшіп қалайын дейді. Мультфильм өзіңді және сезімдеріңді білуге, жауапкершілікке үйретеді.

Фердинанд
Басты кейіпкер – Фердинанд атты жас бұқа. Ол кішкентай фермада өскен. Ең жақсы досы – оның иесі Нина болған. Фердинанд үлкен болғандықтан да, өте ақкөңіл бұқа болып өскен. Бір күні Нинамен бірге қалаға гүлдер мерекесіне барып, барлық адамдарды қорқытып жібереді. Ақкөңіл бұқаны жаман деп санап, оны коррида – тореадордың бұқамен жекпе-жегіне алып кетеді.

ПІКІР ЖАЗУ