Ландшафт дизайнері

Ландшафт дизайнері – ландшафттарды жобалайтын маман. Яғни, ол бақтар, саябақтар, үй іргесіндегі телімдермен жұмыс істейді. Ландшафт дизайнының мақсаты – әдемі, ыңғайлы әрі үйлесімді кеңістікті жасау. Өз жобасын іске асыру үшін дизайнер суреттеу құралдарды, элементтерді, техникалық әдістерді қолданады. Бүгін бізбен ландшафт дизайнері сұхбаттасты.

— Сіз қалай ландшафт дизайнері болдыңыз?
— Мектепте маған биология, ботаника, генетика пәндері ұнаған. Оларды мен тереңдетіп оқығанмын. Емтиханды жақсы тапсырып, университеттің биология факультетіне, биолог-лаборант мамандығына түстім. Бірақ сол факультетте оқу мен үшін қызықсыз өтті. Барлық материалды мен мектеп кезімнен білетінмін. Кейін мен көгалдандырушы мамандығына ауыстым. Мен оқыған кездерде ландшафт дизайнері мамандығы туралы ешкім білген жоқ. Сондықтан мен бағбан боламын деп ойладым. Бірақ университетті бітірген соң, көгалдандырушы, гүл отырғызудан басқа да жұмыстарды жасай алатынын түсіндім.
— Яғни, көгалдандырушы болсаң да, ландшафт дизайнері бола аласың ғой?
— Иә, білім болса, қиын емес. Құрылысшы, сәулетші, биологияны бітірсең де, ландшафт дизайнері болса аласың. Бірақ білім терең болу үшін ландшафт дизанерлері арнайы курс өту керек. Мәселен, мен бірнеше айлық 4-5 курстан өттім және қазір де бос уақытым болса, семинарлар мен мастер-кластарға қатысамын. Бұл өте үлкен мүмкіндік, өйткені уақыт бір орында тұрмайды, қабілеттеріңді дамыту керек.
— Сіз қай жерде жұмыс істейсіз? Міндеттеріңізге не кіреді?
— Мен жеке жұмыс істеймін. Ландшафт дизайнері үшін бұл өте ыңғайлы: тапсырыс берушімен барлық сұрақтарды өзің шешесің, қызық ұсыныстарың болса, оларды тікелей тапсырыс берушілерге ұсынасың. Менің міндеттерім – жобаны әзірлеу, жобаның нобайын жасау, оны жүзеге асыру. Көгалдандырумен әдетте бағбан айналысады, бірақ мамандық бойынша мен көгалдандырушы болғандықтан, оны өзім жасаймын.
— Ландшафт дизайнері болу үшін адамға ерекше қасиеттер керек пе?
— Адамда көркемдік талғам, табиғатқа сүйіспеншілік, жобалауға қабілеті болу керек. Тапсырыс берушілермен ортақ тіл табу да өте маңызды. Адамдар әртүрлі болады, сондықтан әрбір адаммен дара тіл табуды да мен ерекше қасиет деп санаймын.
— Ал қандай кәсіби дағдылар керек?
— Негізгі дизайн қағидаларын, ботаниканы білу керек. Суреттерді салу, арнайы компьютерлік бағдарламаларды игеру керек. Шығын сметасын (материалдардың шығыны мен көлемі) жасауды білу керек.
— Сіздің ойыңызша, әдемі бақ неден басталады?
— Әдемі бақты жасау үшін үш пунктті орындау керек. Бірінші – дренаж. Бұл топырақтың су теңгерімен реттеу. Өсімдіктер үшін бұл өте маңызды. Екінші – жүру үшін соқпақты жасау керек. Оны қарапайым плиткадан жасауға болады. Бірақ ол да әдемі көрінеді. Және үшінші пункт – газон. Газон отырғызылған бақ бірден таза және ұқыпты түрге енеді. Меніңше, бұл ережелерді әрбір ландшафт дизайнері боламын деген адам білу керек.
— Жауаптарыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан — Т.Ибрагимова

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *