Киімге қатысты қажетті кеңестер

Айнаңыздың беті жарқырап әдемі болып тұрсын десеңіз, спирт немесе одеколонға мақтаны батырып сүртіп алыңыз. Содан кейін құрғақ шүберекпен кептіріңіз.
***
Кафельді қабырғаның кірін кетіру үшін 1:5 мөлшерде уксусты сумен араластырып сүрту керек.
***
Егер кілеміңіз таза болсын десеңіз, түнге қарай аз-аздан тұз сеуіп қойыңыз. Таңертең сулы шүберекпен жақсылап сүртіп тастаңыз. Артынан шаңсорғышпен тазартып алыңыз.
***
Линолеумді ыстық сумен жууға болмайды. Ыстық су оның түсінің күңгірттенуіне әкеп соғады.
***
Үтіктің бетіндегі дақтарды кетіру үшін, оны әбден қыздырып, бетіне тұз себілген қағазды үтіктеп жібересіз. Ешбір дақ қалмайды.
***
Сынған әйнектерді пластилиннің көмегімен жинап алуға болады.
***
Фарфорлы ыдыстарды нашатыр спиртімен сүртсе, жылтырап шыға келеді.
***
Әйнек ыдыстарды салқын немесе жылы сумен жуыңыз. Ыстық су ыдысты ескіртіп, жарықтың пайда болуына әкеледі. Тұзды не уксус қосылған сумен жуып, шайған жөн.
***
Кастрөлдің түбін күйдіріп жіберген болсаңыз, бір ас қасық сода салып, қайнаған су құйып қойыңыз.
***
Тоңазытқыштағы жағымсыз иістен құтылғыңыз келсе, 1:1мөлшерде суға лимонды араластрырып сүртіңіз.
***
Пияз тураған тақтайдағы иісті де лимонның көмегімен кетіруге болады.
***
Саусағыңызда сақинаның ізі қалып қоймауы үшін түссіз лакпен ішкі жағын бояп қойыңыз.
***
Аяқ киімнің жағымсыз иісінен арылғыңыз келсе, сутегі тотығымен (перекись водорода) сүртіңіз.
***
Ақ кроссовкаңыз тез кірлеп кетсе, кәдімгі тіс пастасымен ысқылап сүртсеңіз жаңа қалпына қайта келеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *