Ас үйге арналған қажетті кеңестер

Банан тез қараймауы үшін, оның ұшын қақтамамен (фольга) немесе полиэтиленді пакетпен орау керек. Солай банан ұзақ уақыт сақталады.
Асүйіңізде полиэтиленді пакеттер әрқашан реттеліп тұруы үшін оларды қағаз қораптарға салып сақтаңыз.
Зарядтау құрылғысының бауы тез жыртылып бұзылмауы үшін ұялы телефонды қуаттағанда, оны осындай кішкентай қалтаға салып, ілуге болады.
Тоқуды жақсы көретін адамдар жіп матасуымен жиі кездеседі. Жіптер матаспауы үшін тоқуды бастағанда домалақ жіпті шәйнекке салып қойып, шүмегінен жіпті шығарып алыңыз.
Жұмыртқаның бұзылғанын білу үшін оны су құйылған стақанға салып көріңіз. Жаңа жұмыртқа суға батып кетеді, ал бұзылған жұмыртқа судың бетіне қалқып шығады.
Түрлі дәнді дақылдар мен жармаларға жәндіктер кірмеуі үшін салынған пакет немесе ыдыстың ішіне лавр жапырақтарын салып қойыңыз. Лавр жапырықтарының иісі жәндіктерді қорқытады.
Сүт қайнап тасымауы үшін, оны қайнатқанда қақпақтың орнына үлкен қасықты немесе ожауды қойып қойыңыз. Сүт қайнап тасымайды.
Бедерсіз киімді ағарту үшін, киімді жуғанда ¼-½ стақан лимон шырынын қосыңыз. Киімдер ағарғанын бірінші кір жуудан көресіз.
Жапсырманы немесе жапсырманың дақтарын кетіру үшін сірке суын пайдаланыңыз.
Сорғышқа сіркені құйып, дақтарға жағыңыз. 2-3 минутқа қалдырыңыз. Шүберекпен сүртіп алыңыз. Дақтар кетпесе, тағы да сіркені құйып, 2-3 минуттан көбірек қалдырыңыз.

ПІКІР ЖАЗУ