ЕСЕПШІ ДЕГЕН КІМ?

Photo of human hands holding pencil and ticking data in documents

Есепші (бухгалтер) – қаржы саласында жұмыс істейтін маман. Есепшілердің жұмысы үлкен жауапкершілік пен білімді талап етеді. Біздің сұрақтарымызға көп еңбек өтілі бар есепші — Жақыпбаева Мөлдір Тайбекқызы жауап берді.

— Сәлеметсіз бе! Сіз қанша жыл есепші болып жұмыс істейсіз?
— Сәлемет пе? Мен есепші болып 20 жыл істеймін.
— Есепші мамандығының қиыншылығы неде?
— Егер өз мамандығың саған ұнайтын болса, еш қиындығы жоқ. Ең бастысы – әр жұмысты өз уақытында орындау және цифрмен жұмыс істегенде қателеспеу керек.
— Есепші болу үшін қандай компьютерлік бағдарламаларды үйреніп, қолдану керек?
— 1С Бухгалтерия, Парус-Каз, Қазынашылық-Клиент, КазБюджет, Word, Excel бағдарламалары. Мысалы, 1С Бухгалтерия бағдарламасының көмегімен бір ақпараттық базамен бірнеше мекемелерді жүргізуге және практикалық негізде бухгалтерлік және салық есептерін есептеуге болады. Ал Excel бағдарламасын білсең, басқа бағдарламаларды тез үйреніп кетесің.
— Сіздің жұмыс күніңіз қалай өтеді? Жұмысыңызға қандай міндеттер кіреді?
— Жұмыс көп болғандықтан, жұмыс күні тез өтеді. Жұмысымда қызметкерлердің жалақысын санау, салық және статистика есептерін тапсыру, қаржылық есеп жасау және жинақтау, сатып алуларды жүзеге асыру кіреді.
— Есепші болу үшін адамға қандай қасиеттер керек?
— Адам ұқыпты, жауапты, зерек адам болу керек. Дер кезінде есепті жасап, кешіктірмей өткізіп, этиканы біліп, адамдармен жақсы қарым-қатынаста болуы керек.
— Есепші болуды қалайтын балаларға қандай кеңестерді бересіз?
— Біріншіден, қандай да бір мамандықты игеру үшін адамның қызығушылығы мен өз қалауы болу керек. Қызығушылығы бар адамға қандай мамандық болса да, игеру қиын болмайтыны сөзсіз.

Сұхбаттасқан — Т.Ибрагимова

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *