Әлемдегі танымал балалар

Jaden Smith as «Dre» on the Great Wall of China in Columbia Pictures’ KARATE KID.

Джейден Смит

Атақты актер Уилл Смиттің ұлы Джейденді танымайтындар кемде-кем. «Каратэ-пацан» фильмінде Джеки Чанмен бірге басты рөлді сомдап, миллиондаған табысқа кенелген. Бұл Джейденнің ойнаған жалғыз киносы емес. Әкесімен бірге «В погоне за счастьем», «День, когда Земля остановилась» фильмдерінде сәтті өнер көрсетіп, көпшіліктің көңілінен шыққан болатын. Бүгінде оның жеке сән бренді бар. Рэп айтуды, би билегенді жақсы көреді. Қайырымдылық шараларына тапқан табысынан көп қаржы аударып отырады.

 

Вундеркинд Джордан Кейси

Ирландиялық бұл жасөспірім небәрі 13 жасында IT саласының мықты маманы атанып үлгерді. Компьютерлік бағдарламаларды үш тілде еркін жаза алады. Сонымен қатар, iOS ұтқыр қосымшаларды әзірлеумен, түрлі ойын бағдарламаларын жасаумен айналысады. iTunes-ке арналған танымал үш ойын жасаған. Casey Games-тің негізін қалаушы. Ол қазір түрлі жобалармен айналысып, ірі конференцияларға қатысып жүр.

 

Аэлита Андрэ

Бұл кішкентай ғана қуыршақ қыз өзінің шебер суретшілігімен әлемнің назарын аударды. Аэлита 9 айлығында сурет сала бастаған. 2 жасында өзінің жеке көрмесін өткізген. Ол 5 жасында өзінің алғашқы миллионын тапты. Оның суреттері Австралияда кеңінен танымал. Әлемдік суретшілердің назарын аударған Аэлитаның жанұясы да шығармашылық адамдары.

 

Изабелла Баррет

Кішкентай ханшайым сұлулық байқауларына, телевизиялық думандарға қатысу арқылы танымал болған. Оның балаларға арналған зергерлік бұйымдар желісі табысты болуына әсер етті. Изабелланың әлемнің ең танымал әрі бай балаларының қатарына кіруіне Glitzy Girl маркасынан түсіретін табысы көп пайдасын тигізген.

 

Акрит Йасуал

Акрит Йасуал әлемдегі ең жас дәрігер атанған. Небәрі 5 жасында анатомияны жақсы біліп, Шекспирді оқыған.Жеті жасында алғашқы рет ота жасаған. Акрит хирургияны жетік меңгеріп, профессорларға өз білімін де дәлелдеген. Акрит медицина университетінің ең жас студенті. Ол қатерлі ісіктен қорғайтын дәріні ойнап табуды армандайды. Вундеркинд баланың есімі тарихта қалатыны анық.

ПІКІР ЖАЗУ