Қадіріне жетейік

Туған жер-ай, ыстықсың өзің маған,
Дертіне жан дүниемнің шипа табам.
Әлемнің барлық жерін кезсем дағы,
Өзіңдей жер жәннаты қайда маған?!

Туған жерім, Қақпақпен мақтанамын,
Өр тұлғалы келбетіне шаттанамын.
Бойыма қуат алып туған жерден,
Болашаққа сеніммен аттанамын.

Заңғар тау ауылымның керегесі,
Қос Деребез, Көктөбе терезесі,
Қия жартас, шың, құзы кереметі
Мен мұндалап тұрады бұл белесі.

Ыстық қой кім-кімге де туған жері,
Қазағымның қаймағы, алтын кені.
Бағасыз байлығы мол табиғаттың,
Қадіріне жетейік, халқым енді!

ОҚО, Қазығұрт ауданы «Қақпақ» жалпы орта мектебінің 8-сынып оқушысы

ПІКІР ЖАЗУ