Кел, жұмбақ шешейік

Хош иісін береді,
Оны барлығы жақсы көреді.
(гүл)
Гүлден гүлге қонады,
Тәтті нәрсе табады,
Тамашала доданы.
(ара)

Мұрны өзінің домалақ,
Қорғанады домалап.
(кірпі)

Сылдыр-сылдыр ағады,
Ішсең шөлін қанады.
(бұлақ)
Үй үстінде тұрады,
Саяхатқа шыққанда құрады.
(шатыр)

Соңымнан еріп қоймайды,
Жұмсасам бармайды.
(көлеңке)
Жауын емес
Көлде де жоқ,
Теңізде де жоқ,
Бірақ су болып ақты
Кейде тәтті, кейде ащы.
Кәне ойланып тапшы.
(көз жасы)

Әнде бар, онда сәнде бар,
Керек десең мәнде бар.
(кітап)

Аяқпен де ұрамыз ол байғұсты,
Кезегі келсе таяқпен де ұрамыз.
(доп)

Қыста қартаяды,
Жазда жайқалады,
Көктемде бүршік атар,
Күзде барынан айырылар.
(тал)

Кіші де онымен арайлы,
Үлкенде оған қарайды.
Өзі биіктен тарайды
Күлімдеп тұрғанды қалайды.
(күн)

Дайындаған: Көшербай Мақпал Боранбайқызы
«№7 ЖОББМ» КММ 4 «А» сынып оқушысы, Сәтбаев қаласы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *