Лайфхактар

Ұялы телефон суға түсіп, істемей қалса, не істеуге болады?

Ұялы телефоныңды суға түсіріп алсаң, немесе телефонға су төгіліп қалса, сим-картаны тез шығарып ал. Батареяны да алып таста. Телефонды орамалмен сүртіп алып, күріш салынған тостағанға 1-2 сағатқа салып қой. Күріш телефондағы қалған ылғалды өзіне сіңіріп алады. 1-2 сағат өткен соң телефоныңды күріштен алып, тағы да орамалмен сүртіп ал. Сим-карта мен батареяны орнына сал. Сенің телефоның қосылу керек. Бұл тәсіл тек ғана телефонды судан неғұрлым тез шығарып алсаң көмектеседі. Ал егер телефон суда біраз уақыт жатса, саған тек маман көмектесе алады.

 

Киімге жабысқан сағызды қалай тазалауға болады?

Ең оңай, әрі тиімді тәсіл сағыз жабысқан киімді полиэтилен қапқа (пакет) салып, тоңазытқышқа 1 сағатқа қою. Осы уақыт ішінде сағыз қатып, өзі түсіп қалады. Екінші тәсіл – сағыз жабысқан жерге мұз қойыңыз.Сағыз қатқан уақытта қатты щеткамен тазала. Кілем мен төсеніштерден, пальто мен тоңдан сағызды алу үшін өте ыңғайлы. Үшінші тәсілмен сағызды тазалау үшін саған көмекші керек. Біреуің ыстық суды сағыз жабысқан жерге құйып, екінші оны дереу щеткамен тазалап тұруларыңыз керек. Одан кейін киімді қатты ысқылап жібер. Тазаланған киімді жуып, жай.

 

Микротолқынды пештің ішіндегі май дақтарын қалай тез тазартуға болады?

Микротолқынды пеште қыздыруға жарайтын ыдысты алып, оған жартылай су құйып, жарты лимонды тілімдерге кесіп, суға сал. Пешке лимонмен суды салып, 3-5 минут ысыту керек. Содан кейін суды төгіп, лимонды тастай салуға болады, ал пешті ылғал шүберекпен сүртіп шығу керек. Пештің ішіндегі майлы дақтар оңай тазаланады.

 

Пиязды турағанда көзді ашытпау үшін не істеу керек?

Пиязды турағанда, көздеріңден жас шықса, жалбызды сағызды шайнап тұр. Немесе турамай тұрып, пиязды 5 минутқа мұздатқышқа салып қой. Мұздатқыштан кейін пиязды турағанда көздеріңнен жас шықпайды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *