«Тасбақа» торты

Құрамы: жұмыртқа – 7 дана; ұн – 240 г; лимон қышқылы – 0,5 шәй қасық; сары май – 300 г; какао ұнтағы – 40 г; қант – 600 г; сода – 1 шәй қасық; қаймақ – 400 г; лимон шырыны – 1 шәй қасық; сүт – 150 мл;
Дайындау тәсілі: Алдымен шұңғыл ыдысқа жұмыртқаның сарысы мен 80 г қантты салып, миксермен араластырамыз. Екінші ыдысқа жұмыртқаның ағы мен қалған 120 г қантты да солай көпіршітіп араластырамыз. Екеуін біріктіріп, лимон қышқылын қосып, миксерлейміз. Ыдысқа ұнды салып, соданы қосып, бөлек араластырамыз. Барлығын бір ыдысқа салып, тағы да миксермен қоймалжың болғанша араластырамыз. Дайын болған қамырымызды табаға салып, дөңгелек пішінге келтіреміз. 180 градуста қыздырылған пешке 10 минут пісіреміз. 200 г сары май мен 200 г қантты шұңғыл ыдысқа салып, миксерлейміз. Екінші табаққа қаймақты салып, лимон сығындысымен араластырып аламыз. Екеуін біріктіріп, тағы да миксерлейміз. Сүтті ысытып, 200 г сары майды ерітеміз. Какаоны 200 г қант қосып, жақсылап барлығын араластырамыз. Піскен қамырымызды дайын болған кремге салып, үлкен табаққа қойып шығамыз. 30 минутқа тоңазытқышқа қойып қойыңыз. Кейіннен үстіне какао қосылған қоспаны жағамыз. Тортымызды тасбақа пішінді етіп, безендіреміз. Жарты сағатқа тоңазытқышқа салып қойыңыз. Тортымыз дайын.
Асыңыз дәмді болсын!

ПІКІР ЖАЗУ