Ұялы телефонға арналған лайфхактар және өмірде керек кеңестер

Ұялы телефонға арналған лайфхактар

1.Телефонды тез зарядтау үшін өшіріп таста немесе «Ұшу» режиміне қой. Сонда Wi-Fi, GPS, блютуз секілді энергияны ұдайы жеп тұратын антенналар уақытша өшеді.
2.Телефонды ұрлатып алатын жағдай әрбіріміздің басымыздан өтеді. Сондықтан алдын-ала IMEI кодын өзіңе сақтап ал. Оны *#06# командасын орындап біле аласың. Ұрлатып алғаныңды білісімен, мобильді операторға хабарласып, кодты айтып, телефонды бұғаттат. Сонда ішіндегі бүкіл ақпарат өшіп, телефон істемей қалады.
3.Телефонның зарядтайтын ұясы тез бұзылады. Себебі онда қоқым, шаң, тозаңдар жиі жиналады. Оны өткір сыммен тазаласаң, одан сайын бұзып аласың. Ең керегі — инесі бар шприц. Инеден шыққан күшті ауа ағыны қандай шаң болсын тазалап шығады.
4.Егер саған жасырын нөмірмен біреу қайта-қайта қоңырау шала берсе, телефонды өшіріп таста. Қосқаннан кейін қабылданбаған қоңырау ретінде абоненттің нөмірінен смс келеді.
5.Судың астында суретке түскің келді. Бірақ телефоның оған жарамайды. Уайымдаудың қажеті жоқ. Су өткізбейтін полиэтилен қапшыққа салып, бекіткен жерді қосымша скотчпен жабыстырып, қолдана беруге болады.
6.Телефонды шұңғыл ыдысқа салып қойсаң, даусы қатты шығады. Бұл тәсіл, әсіресе, таңда ояна алмайтындарға керек.
7.Сенсорлы телефонның стилус-қаламы жоқ па? Мәселе емес, қарапайым қаламды фольгамен қаптап шықсаң, дайын стилус болады.

Өмірде керек кеңестер

1.Кейде бір шешімге келе алмай тұрасың. Сондай кезде тиын лақтырып көр. Мұның мәні мынада: тиын айналып, жерге түскенше, қандай шешімге үміттенетініңді байқайсың.
2.Сусынды жылдам мұздатқың келсе, оны ылғал шүберекке не майлыққа орап, тоңазытқышқа салып қой.
3.Егер браузердің терезесін байқаусызда жауып алсаң, CTRL+SHIFT+T пернелерін бір уақытта басып, қайтадан ашуға болады. Бір рет бассаң, бір терезе ашылады.
4.Анаңа не қарындасыңа қандай сыйлық алсам деп бас қатыратын кездер болады. Ондайда оған сыйлықты алып қойғаныңды айт. Сосын қандай сыйлық екенін тап деп айт. Сонда ол не қалайтынын тізіп, айта бастайды. Мә, саған!!! Ең бірінші айтқан сыйлықты сыйла.
5.Егер ұшақтың артқы жағына отырып қалсаң, оған бола мұңаюдың қажеті жоқ. Себебі, Құдай сақтасын, егер әуе апатына тап болсаң, аман қалудың мүмкіндігі 40 пайызға артады.
6.YouTube-та бір әнді қайталап тыңдағың келсе, қайта-қайта басынан бастап қоюдың қажеті жоқ. Бар болғаны «Үoutube» пен «com» сөздерінің арасына «replay» сөзін жазу керек.
7.Жеңіл машинаңды эвакуациямен алып кетпеу үшін, рөлді барынша бұрып таста. Оны сүйреп те, дөңгелек арқылы көтеріп те алып кете алмайды.

Дайындаған: М.Кесебаев

ПІКІР ЖАЗУ