«Жаңа жыл» салаты

Құрамы: 200 г тауық еті; 2-3 дана жұмыртқа; 150 г қараөрік; 100 г грек жаңғағы; 100 г ірімшік; майонез; тұз; салат жапырағы; сәбіз.
Дайындау тәсілі: Тауық етін тұзды суға асып аламыз. Ұсақтап тураймыз. Үлкен тәрелкеге алдымен салат жапырағын жайып саламыз. Үстіне туралған тауық етін қоямыз. Майонез жағып, асылған жұмыртқаның алдымен ақуызын турап саламыз. Жұмыртқаның сарысын салып, үстіне майонез жаққан соң, қараөрікті ұсақтап турап қоямыз. Кейіннен ірімшікті ұзынша етіп, үккіштен өткіземіз. Жаңғақты блендерден өткізіп, салаттың бетіне саламыз да, майонез жағып шығамыз. Ең соңында ұсақтап туралған жұмыртқаның ағын бетіне саламыз. Сағат түріне келтіру үшін, асылған сәбізді пайдаланыңыз. Суреттегідей етіп безендіріңіз.

Асыңыз дәмді болсын!

ПІКІР ЖАЗУ