Елін сүйген Елбасы

Қазіргі таңда менің тұрып жатқан қалам —Алматы. Алматыда көптеген зәулім үйлер, мектептер, балабақшалар, емханалар, ойын-сауық орталықтары, спорт кешендері жаппай салынуда. Осы жобалардың іске асуы Елбасымыздың арқасы. Бұның бәрі біздер салауатты өмір салтын ұстанып, жақсы білім алып, елімізді қорғай алатындай дәрежеге жетіп, шет елдерге таныту. Елбасымыздың бізге жасап жатқан жақсылығын бағалап біз де Қазақстанымыздың даңқын шығаруымыз керек. Сонымен қатар халық қамын ойлаған Ел ағасы көптеген аудандарды да көркейтуде. Бұлай деуімнің дәлелі — мен тұрып жатқан Алатау ауданында жаңа мектептер мен балабақшалар салынуда. Білім ұялары заманауи техникалық құрал-жабдықтармен толықтырылған. Кең, жарық сынып бөлмелері шәкірттердің білімге құштарлығын арттырады.
Елбасымыз ел қамын ойлап, халқы үшін аянбай тер төгуде. Халық арасында бейбітшілік пен татулықты сақтап, аспанымыз ашық болу үшін тырысып, бағуда. Біз де сол Елбасымыз орнатқан, сақтап келе жатқан татулықты жоғалтпауымыз керек. Елбасымыздың жүрегінде халқына деген махаббатты байқауға болады. Тоқсан сөздің тобықтай түйіні, елін сүйген Елбасымыз аман болсын!

ЕРМЕК Жібек
№182 жалпы білім беретін мектеп
4 «Ж» сынып оқушысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *