Өнер дарабоздарын түлеткен

  Алматы қаласындағы іргетасы өткен ғасырдың басында қаланып, күні бүгінге дейін еліміздің жаңа ғсырға қадам басуына маңдай терін төгіп, дараланған тұлғаладрды қатарға қосуда. Соның бірі — П.И. Чайковский атындағы музыкалық колледжі, 85 жылдан бері өнерге қадам басқан жастарға кәсіби білім беріп келеді.
Мерейлі мерекеге байланысты колледж директоры ХАСАНҒАЛИЕВ Біржан Ескендірұлы мен оқытушыларды құттықтап келген едік.


—Біржан Ескендірұлы, композитордың туғанына 177 жыл толса, оның есімімен аталатын колледжден 85 жылдың бедерінде еліміз ғана емес, шетелге танылған өнер қырандары түлеп ұшқаны белгілі. Олардың есімін атай отырып, ең алғашқы студенттері кім екенін айтып бересіз бе?
—Қазақстан Орталық Атқару комитетінің «Алматыда музыкалық-драма техникумын ашу туралы» қаулысына сәйкес қазіргі колледжіміз 1932 жылы құрылып, 30 студент оқуға қабылданған. Алғашқыда училище деп аталды. Алғашқы директоры- жазушы Сағыр Кемалов, оқу-ісінің меңгерушілігіне Н.Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербург (Ленинград) консерваториясының аспиранты Ахмет Жұбанов тағайындалған. 1940 жылы П. Чайковскийдің туғанына 100 жыл толуына орай, композитордың есімі училищеге берілген. Еліміз Тәуелсіздік алған 1995 жылдан бері училище колледж мәртебесіне ие болды.
Оқырмандарыңыз көкейінде сол кездегі оқу орнының алғашқы студенттері кім болды екен деген сұрақ туындайтыны әбден мүмкін. Атап айтсақ, Қапан Мусин, Шабал Бейсекова, Ғазиз Доғашев, ағайынды Ришат, Мүсілім Абдуллиндердей аталарымыздың сахнадағы тұсауы колледжде кесілген. Олардың ізін ала Ермек Серкебаев, Еркеғали Рахмадиев, Құдыс Қожамияров, Сыдық Мұхаметжанов, Ғазиза Жұбанова, Фуат Мансұров, Нұрғиса Тілендиевтей ағаларымыздың есімі бүгінгі өнерге қанат қаққан, өнерде жүрген жастардың жадында.
Әлібек Дінішев, Нұрғали Нүсіпжанов, Кеңес Дүйсекеев, Нағима Есқалиевадай арамызда жүрген аға-әпкеміздің мектебінен бүгінде, қаншама әншілеріміз, сазгерлеріміз тәлім алды.
—Біздің оқырмандарымызды қызықтырған сұрақтардың бірі — Петр Ильич Чайковскийдің есімінің берілуі.
—Орыстың кемеңгер композиторы, ол ең алғашқы Рессейде профессионалдық музыка білімін алған адам. 1865 жылы Петербург консерваториясын бітіріп, бір жылдан соң Мәскеу консерваториясында сабақ берді. П. И. Чайковский тек қана композитор емес, ол әрі орындаушы, әрі дирижер болған. Ол 10 опера, 6 симфония, фортепианолық циклдер «Жыл мезгілдері», «Балалар альбомы», 100 романс, балеттер: «Спящая красавица», «Щелкунчик», «Лебединое озеро» операларын жазған. Өмірінің соңғы жылдарында бесінші және алтыншы симфониясын, «Қарғаның мәткесі», «Иоланта» операсын жазды. Шығармаларының ұзын саны 200-ге жуық.
П. И. Чайковский 1840 жылы 7 — мамырда Воткина атты шаруалардың ауылында дүниеге келді. Камск — Воткинск заводтың бастығы Илья Петрович Чайковскийдің жанұясында дүниеге келген бұл бала орыстың музыка мәдениетінің келешек мақтанышы болды.
Композитордың атындағы байқау жылда Мәскеу қаласында өтеді. Оған кәсіби біліктілігі өте жоғары әншілер, музыкалық аспаптарда шебер ойнайтын өнерпаздар қатысады. Біздің колледж өнерпаздары 85 жылдық мерейтойымызға орай, Мәскеу консерваториясы жанындағы академиялық музыка мектебінің концерт залында өнер көрсетті. Елімізде музыка өнерінің , соның ішінде ұлттық аспаптар арқылы көрерменді тәнті етіп келді. Колледжіміздің музыканттары,студенттер мен ұстаздарымен 42 адам қатысты. 1958 жылдан бері Мәскеу қаласында 4 жылда бір рет Чайковский атындағы пианинода ойнаушылар байқауы өткізіліп тұрады.
—Біржан Ескендірұлы, мерейтойға деген шашуларыңызбен бөлісіп отырмыз.
—Адам өмірінде болсын, оқу орындарында болсын той алдында үлкен дайындық, өзгерістер болатыны рас. Әңгіме арасында «Сіздер қай аспаптарда ойнайтын мамандар дайындайсыздар» деп қалдыңыз. Вокал, «Аспапта орындаушылық» фортепиано, ұрмалы, үрмелі, ішекті, эстрадалық аспаптарда ойнайтын, қазақ, ұйғыр және орыс халық аспаптары, «Музыка теориясы», «Жеке ән салу», «хорды дирижерлеу мамандықтары мұғалімдер мен әртістерді дайындайды.
Колледждің үлкен спорт залы қалпына келтірілді. Үлкен концерт залына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ұлт мақтанышы, КСРО Халық әртісі Ермек Серкебаев ағамыздың есімі берілді. Республикалық, үш халықаралық өнер байқауы өткізілді. Қазақстанның Халық әртісі Каукен Кенжетаев пен Шабал Бейсекова атындағы, «Жас талант-2017», Piono Fest Almaty І халықаралық байқаулары өтті. Өткен 2016 жылы «Дыбыс операторы» деген мамандыққа даярлайтын бөлім аштық. Музыкалық оқу орындары арасында біз тұңғыш рет аккредитациядан өттік. Мерейтой қарсаңында П.Чайковскийдің ескерткішін колледж алдына орнаттық.
—Өзіңіз композитор Хасанғалиев Ескендір ағаның ұлысыз. Сіз де музыка жазып, әндеріңіз өнерпаздар арасында орындалып жүрген болар. Әкеңізбен шығармашылыққа байланысты ақылдасасыз ба?
— Ата-ана балаға қолдаушысы, қорғаушы, тірек қана емес, сыншы да. Сондықтан, әкеммен де, анаммен де ақылдасып, кейбір мәселені бірлесіп шешеміз. Дүние есігін ашқаннан әкемнің әнін естіп, сусындап өстім. Есімді біле әкеммен қосылып, ән салдым. Мектеп жасында сахнаға шықтым. “Жаңа ғасырға жаңа ән”, “Шабыт” республикалық байқауларының лауреатымын. 2 симфониялық поэманың, виолончель мен фортопьяноға, камералық аспаптарға арналған шығармаларым бар. 1993-1997 жылдар аралығында Алматы мемлекеттік консерваториясында оқыдым.

—Басшылық қызмет, сахна, жеке шығармашылықты ұштастыруға уақыт табыла ма? Қайсысы жаныңызға жақын?
—Маған жоғары жауапкершілік жүктеліп, колледжді басқарып келе жатырмын. Мұнда ұйымдастырушылық жұмыстарына өте көп уақыт кетеді. 300-ге жуық оқытушы, 600-дей студент бар. Жатақханамыз жанымызда. Басқарушылық, жетекшілік жұмыстарына уақыт керек.
Оқырмандарыңыздың армандары орындалғай. Адамның болашаққа деген көзқарасы, мамандыққа деген қабілеті мектеп жасында қалыптасады. Мен де бала болдым, арманшыл болдық. Ән қиялының жетегінде тербелдік. Жігіт жасында басшылық қызмет бұйырды. Ұл-қыздарымыздың арман-мақсаты биіктерге жетелегей деген ағалық тілегімді білдіремін.

Өз тілшілерімізден

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *