Мерке-Жайсан түркі ғұрыптық кешені

Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаевтың айтуынша, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына облыстың 8 киелі орны анықталып, ұсынылған. Олардың қатарында Мерке-Жайсан түркі ғұрыптық кешені, Ақыртас бекінісі, «Ежелгі Тараз қалашығы», Тектұрмас кешені, Қарахан кесенесі, Айша бибі кесенесі, Бабажы Хатун мазары және «Байзақ батыр Мәмбетұлы» кесенесі бар.
«Облыстың тарихы, мәдениеті мен киелі орындары туралы 11 сериалы деректі фильм түсірілді. «Жамбыл облысының өнері мен қол шеберлігінің энциклопедиясы» шығарылды. Ағымдағы жылы Бектөбе, Георгиевск, Тамды, Саудакент ортағасырлық қалашықтарында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде. Ақыртас қалашығының туристік инфрақұрылымы кеңейтілді. Осындай инфрақұрылым 6 нысанға жүргізілетін болады», — деді облыс басшысы.
Мерке түркі ордасы — Қазақстанның оңтүстігіндегі Жамбыл облысы, Шу өзенінің аңғарында Мерке елді мекенінен 37 км қашықтықта орналасқан VІІ-VІІІ ғасырларда Ба¬тыс Түрік қаға¬натының орталықтары болған, түркі дәуірінен бізге жет¬кен, бай мәдени-та¬рихи мұра. Мерке түрік ордасы Қазақстан терри¬ториясында орна¬ласқан әйгілі ескерткіштер ретінде «ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар» тізіміне ұсынылған. Мерке түрік ордасы – ортағасырлық түркілердің мәдени-ғұрыптық кешені. Бұл аймақтағы кешенді ескерткіштер тобын – жерлеу орындары – қорғандар, қорғандардың маңында кездесетін ғұрыптық қоршаулар, тас мүсіндер, балбал тастар, жартастардағы суреттер мен ру¬лық таңбалар және қойтастарда кездесетін ойма жазулар құрайды. Мерке ғибадатханасына бірнеше жылдардан бері жүргізілген археологиялық жұмыстардың нәтижесі мұндағы тас мүсіндері бар ғұрыптық ес¬керткіштер негізінен мүсіндердің иконография¬лық түріне жақындығын көрсетті.
Мерке өңірінен бүгінгі таңда үш ойма жазу табылып отыр. 2000 жылы шілде айында табыл¬ған бірінші ойма жазу – “Мұң тарқатар жазу” көне түрік кезеңіне жатады. Бес руникалық таңбадан тұратын бұл көне түрік жазуын профессор А.Аманжолов түрікше “бұ қыл йас” деп оқыды. Қазақша баламасы “Мұңым-күйзеліс” (күйреу), екінші баламасы “Мұңымды тарқат”, “Шерімді жаз!” деген мағынаны білдіреді. Ғалымдар бұл қойтастағы жазудың хронологиялық уақытын көне түркі заманының соңғы ширегі деп болжайды.
“Мәдени мұра” тізіміне ұсынылған келесі бір тамаша ескерткіш – Мерке ғибадатханасының солтүстік жағындағы Жайсан ғибадатханасы. Бұл ортағасырлық түріктерден қалған мәдени – ғұрыптық кешен. Ғибадатханадағы ескерткіш¬терді зерттеу және сақтау жұмыстары 2001 жылдан бастап қолға алынды. Мұнда ескерт¬кіштердің негізгі бөлігі орналасуына қарай бір заңдылыққа негізделген. Яғни, жерлеу құры¬лыстары кешеннің батыс бөлігінде орналасса, ғұрыптық құрылымдар кешеннің шығыс бөлігіне шоғырланған. Тек сирек жағдайда ғана қоршау¬лар қорғандардың ортасында немесе культтік кешендердің батыс бөлігінде орналасқан. Жайсан ғибадатханасының құрамдас бөлігі болып табылатын түріктердің өнер туындылары мемориалдың оңтүстік батысына жақын ара¬лыққа шоғырланған. Мұндай өнер туынды¬ларына тас мүсіндерде және стелаларда, сондай-ақ жартастарда кездесетін рулық таңбалар, петроглифтер т.б. жатады.
Ғибадатханаға жүргізілген барлау жұмыстары кезінде басқа да көптеген құнды заттар табылды. Бір айта кететін жайт, археолог Айман Досым¬баеваның пайымдауынша, ғибадатхананың ескерткіштерінде кездесетін ромб үлгісіндегі таңба әшекейліктен басқа бойтұмар ретінде қызмет атқаратын киелі сипатқа ие болған. Қазақ этнографиясында қазіргі күнге дейін ромб түрін¬дегі таңбаны еске түсіретін тұмар тағу сақталған. Жартастарда салынған ромб түріндегі тұмар-таңбалар функционалдық мағынада Жайсан ғибадатханасының киелі жерінің шекарасын белгілеу үшін қызмет еткен болса керек.

(Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет)
Қолына Өмір тостағанын ұстаған жауынгердің тастан жасалған мүсіні мың жылдан бері Шу даласындағы ежелгі түрік ордасы Жайсанда тұр.

1 comment

ПІКІР ЖАЗУ