Ауылымның мәртебелі азаматы

Қадірлі оқырман!
Оқырмандарымыз мол олжаға кенелетін дәстүрлі аламан бәйгемізді тағы жалғастырдық. Талпынып, еңбектене білген бала бұл бәйгемізден де құр қол қалмасы анық.  
Биылғы бәйге тақырыбы өздеріңе өте жақын – «Ауылымның мәртебелі азаматы» деп аталады. Шығарманың жазылу мақсатын саған түсіндірмесе де, тақырыпқа көзің түскеннен-ақ кім туралы жазу керектігі жадыңда сайрап кетті. Ауылдың мақтанышы, ақыл айтар ақсақалы қазір де бар, бұрын да болған. Кезінде мұндай жаны жайсаң адамдар хақында көп айтылды. Бұлар жайында ата-анаң жақсы біледі. Сондықтан да, саған көмектеседі. Әлбетте, шығарманы бастағанда ауылыңның тарихына, сол тарихта есімі өшпестей болып жазылып қалған тұлғаларға тоқталып өтесің де, елге сыйлы, қадірменді аталар мен апалардан өнеге алған олардың бүгінгі ұрпағын әңгімелеп бересің.
Бәйге 2009 жылдың қыркүйек айынан басталып, желтоқсанда аяқталады. Оған, мектеп жасындағы барлық оқушы қатыса алады. Колледж, кәсіптік мектеп студенттері қатысатын болса, нұр үстіне нұр.
Бәйге сыйлықтары:
Бас бәйге – ноутбук;
I орын – 1 түрлі-түсті теледидар;
1 жартылай автомат
кір жуатын машина;
II орын – 3 санды фотоаппарат;
III орын – 4 ұялы телефон.
Сондай-ақ, бірнеше ынталандыру сыйлықтары тағайындалды. Бәйгеге қатысқан барлық оқушыларға арнайы диплом тапсырылады.
Бәйгенің шарттары:
1. Үміткер «Ауылымның мәртебелі азаматы» деген тақырыпта шығарма жазады.
2. «Мөлдір бұлақ» журналына жанашырлық танытып, құрбыларын, сыныбын жаздыртқаны туралы түбіртектің көшірмесін хатпен қосып жібереді. (Бір жылға жаздырту қажет. 3, 6 айлық түбіртек болса, ұпай кемиді.)
3. «Мөлдір бұлақ» журналы туралы ұсыныс-пікірлерің.
Бәйгені сараптайтын арнайы алқа құрылды. Бәйгеге жіберетін шығармалар желтоқсанның аяғына дейін қабылданады.
Редакциядан.
Ескерту: Хатта аты-жөнің, тұратын мекен-жайыңды, ұялы телефон мен үй телефонын анық көрсетіп, конверттің сыртына «Ауылымның мәртебелі азаматы» деп жазуды ұмытпаңдар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *