Баға жетпес байлық

Тіл — қандай да болмасын ұлттың, халықтың баға жетпес рухани қазынасы. Ол сонау құрсақта жатқан сәттен бастап қалыптасады. Отбасы – ошақ қасында ананың ақ сүтімен дариды. Менің де бойыма дәл осындай жолмен дарыған дара тілім, ана тілім – қазақ тілі.
Қазақ тілі – өзі бастау алған түркі тілдерінің ішіндегі дыбыстық үйлесім, дыбысталу әуезділігі және тағы да басқа қасиеттерімен ерекшеленетін тіл. Ол қазақ хандығы қалыптасқан кезеңнен бастап – ақ, қазақ даласының әр түкпірінде жүрген қазақтың ортақ қазынасына айналды. Өкінішке орай, қазіргі таңда қазақ тілін білмейтін, білсе де тек тұрмыстық аядағы қарым – қатынас құралы ретінде тұтынатын, ол аз десеңіз, басқа тілдерді қосып, бұрмалап жүрген жеткіншектеріміз қаншама? Әрине, бірнеше тілді меңгеріп, еркін сөйлегенге не жетсін! Өзге тілді білу үшін, ең алдымен өз тіліңді құрметтеу қажет. Менің ойымша, ата – бабамыздан қалған асыл қазына тілімізді сақтаудың ең тиімді жолы тәрбиені тал бесіктен бастау. Яғни, отбасында ана тілінде сөйлеп, айналадағы болып жатқан оқиғалар жайлы ойыңды, қуанышың мен ренішіңді тек сол тілде бөлісу. Ал бұл – ана тіліміздің мәртебесін одан сайын асқақтатары сөзсіз.

Айтолқын ШАГИЗАНДА,
Д.Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектептің
11 «Ә» сынып оқушысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *