Анамның шебер қолдары

Менің анамның есімі-АМЕТОВА Жанар. Анам тігін тігеді, ән салып, би билегенді жақсы көреді. Жазғы демалыста, сабақтан қолым бос кезде анама көмектесемін. Әсіресе, іс тіккені маған өте қызық. Құрақ көрпе құрағанда, мен үнемі қасында отырамын. Анамның ал деген маталарын әкеліп беремін. Анам ойланып отырып, тігін машинесімен құрап шығады. Анам маған құрақ құраудың қыр-сырын айтады. Матаның бояуына қарай үйлестіріп, құрау үшін барқыт, пүліш маталар керек. Біркелкі қиып, тепе-теңдікті сақтап, отырып, құрайды. Құрақтың ішіне жүн, мақта салып, дайындайды. Жастықтар тігеміз. Анам маған да әдемі көйлектер тігіп береді. Құрақ көрпелерді зырылдатып тігіп шықса, киім тігу ұзақ уақытты алады. Анам:
—Менің білгенімді үйреніп алсаң, ертең өзіңе қажет болады. Мен де сендей кішкентай кезімде анам Қожамбергенова Дарихадан шеберлікті үйрендім. Көйлек, белдемше, жейдені қалаған матадан тігіп, киесің. Өз қолыңмен көрпе, жастық тігетін болсаң, біріншіден, ақша үнемдейсің; екіншіден, таза жүн, мақтаны таңдап саласың, — дейді.

Айжан НҰРСҰЛТАН,
Б. Момышұлы атындағы мектептің 3 «В» сынып оқушысы, ОҚО, Түлкібас ауданы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *