«Айғайқұм» — туған өлке мақтанышы

Менің туған ауылым -Нұрым ауылы. Табиғаты сұлу, суы мол, қысы –жазы малға жайлы, шөбі шүйгін жер. Табиғат шеберлігінің куәсі — туған жердің көрікті мекені болып саналатын дүниежүзіне әйгілі Айғайқұм. «Айғайқұм» кейде «Әнші тау» деп те аталады. «Айғайқұм» — шағыл құмдардан құралған. Іле өзенінің жағалауында Үлкен және Кіші Қалқан тауларының ортасындағы жазықта орналасқан. Жалпы аумағы 240 га болатын құм негізгі екі бөліктен тұрады. Оңтүстік құмның биіктігі — 150 м, ал, солтүстік құмның бөлігінде таза шағыл құмдар арасында өсімдіктер биіктігі — шамамен 100 м, абсолюттік биіктігі – 600-650 м. Оңтүстік бөлігіндегі құмның тік болғаны соншалық, оған шығу мүмкін емес. Құмның шығу тарихы осында жиі болатын қатты желдің әсерінен деген тұжырым бар. 100 жыл ішінде оңтүстіктен солтүстікке соққан жел Іледегі құмдарды Үлкен және Кіші Қалқан тауларының ортасына ұшырып әкелген. Екі таудың ортасындағы жел айналымының әсерінен құмдар осында үйіліп, нәтижесінде үлкен құм төбеге айналған. Тағы бір қызығы, қатты желді күндері құмнан ұшақтың даусына ұқсас дыбыс шығады және құм қатты жел болса да еш уақытта өз қалпын жоғалтпайды. Осы құмның дыбыс шығаруын көптеген ғалымдар зерттеген, десек те, олар әлі бір нақты тұжырымға келген жоқ. Пышақ жүзіндей қырланып жатқан үлкен екі құмтауды көргенде табиғаттың шеберлігіне таңданасың. Қаншалықты қар, жаңбыр жауып, жел соқса да бұл құм ежелгі жаратылыс қалпын сақтап тұрады. Тек жел соқса, құмның сыртқы қабаты бәсең қимылдап, сусып тұрады. Аты әлемге мәлім Айғайқұм дүниежүзінің ешбір елінде кездеспейтін сирек құбылыс. Осы тау құмға ұқсас жаратылыс тек Америка Құрама Штатында бар көрінеді. Бірақ ол біздегі Айғайқұммен теңесе алмайды. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда Айғайқұмның жалпы ұзындығы 3000 метр де, биіктігі 300 метр көрінеді.

Әбдібек Мағжан.
Кербұлақ ауданы,
Алматы облысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *