Алматы арманым еді

«Мөлдір бұлақ» журналына ең алдымен әпкем Земфира жазылды. Содан жіберген шығармалары жариялана бастады. Бір күні бәйгеге қатысып, жеңімпаз атандым деді. Осылайша менің де журналға деген қызығушылығым артты. Редакцияға жіберген фотоларым, мақалаларым жариялана бастады. «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік» атты бәйгеге қатысып, І орынды иелендім. Анам Айман:
—Қыздарым, осы сыйлықты алу үшін Алматыға барамыз,- деді. Қуанышымызда шек болмады.
Сәті түсіп, шілде айында редакцияға келсек, ұжым түгел демалысқа кетіпті. Бізді журнал қызметкері Мирас аға Кесебаев қарсы алды. Сыйлығым мен дипломды белгілі ақын ата Абдрахман Асылбеков пен «Қазақстан-ZAMAN» газеті бас редакторының орынбасары Жанбақыт аға Борантаев ақ тілектерін айтып, марапаттады.
Алматыдан Деркөлге келгенде, оқушылар, туысқандарым мені құшақ жая қарсы алды. —Бізді бұдан да биіктерге самғаңдар,- деп үлкен кісілер батасын берді.

Азиза МАНАШЕВА,
БҚО, Орал қаласы, №12 мектептің оқушысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *