Менің атам

Жиенбаев Нұрмахан ауылдың жасы үлкен қариясы. Жасы сексеннің сеңгіріне шыққалы тұр. Өйткені атам, дастархан басында осылай деп, Аллаға мың мәрте шүкіршілік айтады. Ұлы Отан соғысы басталғанда, атамның жасы үште екен. Сол жылдардағы қиыншылықтар еміс-еміс есінде. Кейін жастайынан ұжымшарда еңбекке араласқан. Бесаспап трактор айдаушы болған. «Ауыл қариясы» деп адамдар атама үнемі құрмет көрсетеді. Әулетке үлкен тіреу болып отырған атама қандай мақтау айтса да жарасымды. Атама деген ықыласымды өлең арқылы жеткізейін:
Ақ тілекті аташым,
Бізге берер батасын.
Жетістікке жетсек біз,
Балаша қуанып қаласың.

Нұрасыл НҰРМАХАН,
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,
Алмалы ауылы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *