Сыныптасын өлімнен құтқарды

Атырау облысы Махамбет ауданы Таңдай ауылында бес жасөспірім суға кеткен сыныптасын құтқарып қалып, оған екінші өмір сыйлады.
ҚР Ішкі істер басқармасы облыстық төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметінің мәліметінде, тамыз айының 2 күні жоғары сыныптың 6 баласы Баксай каналына шомылуға барған. Олардың арасындағы Нұрсат есімді ұлан шомыла алмайды екен, бірақ мұны сыныптастарынан жасырып қалады. Суға түскен баланы қатты ағыс ағызып кетеді. Досының жоғалып кеткенін байқаған Бегалы бірден су түбіне сүңгіп кетеді де, оны су бетіне қарай көтере бастайды. Шыңғыс, Азамат, Наурызбек пен Ерік те дер кезінде жүзіп келіп, Нұрсатты жағаға алып шығып, жасанды дем беріп, көмек шақырғанын Батыс жедел құтқару аэромобиль отряды айтқан.
«Жас құтқарушы» жарысына қатысқан Шыңғыс пен оның қомандасының 1-орын алғанының дәлелі міне, осындай. Сондықтан, барлық мектептерде «Жас құтқарушы» командасын құрып, оның жұмысын нығайтқан абзал.
Бүгінде, Нұрсат сауыққан, оның өміріне ешқандай қауып жоқ.

ПІКІР ЖАЗУ