Улы кесіртке

23bet_f3Мексика мен АҚШ-тың Аризона штатының құрғақ және шөлді далаларын мекендейтін улы кесірткелердің екі түрі болады. Біріншісі – ірі денелі, ұзындығы 60 см. Сарғылт қызыл немесе қызғылт қоңыр түсті болып келеді. Екіншісі – эскорпион деп аталады. Бұл алғашқысынан да ірірек, денесі үлкен болып келген. Олар күндіз тастардың арасындағы індерде тығылып жатады. Тек кеш түсісімен ғана індерінен шығып, кішкентай жәндіктермен, құстардың жұмыртқасымен қоректенеді. Күн қатты ысыған кезде індеріне кіріп жатады. Жыл бойғы жиған қоректері құйрықтарына май болып жиналады да, соның тоқтығымен ұзақ уақыт жата береді. Бұл улы кесірткелердің уы өте күшті болады. Жануарларды шақса, өліп кетеді. Ал адамды шаққанда дер кезінде медициналық көмек алмаса, ісініп, соның салдарынан өліп кетуі де әбден мүмкін. Ал Қазақстандағы кесірткелер қауіпсіз.

ПІКІР ЖАЗУ