Қазақстандық Месси

Қазақстандық 17 жастағы футболшы Еркебұлан Сейдахмет Испаниялық скауттардың көзіне түсіп, назарларын аударған. Тіпті ресейлік футбол агенттерінің өзі Еркебұланның ойынына тәнті болып, оған Ресей азаматтығын алып беру керек деген де бастама көтерген. “Қазақстандық 17 жастағы футболшы өзін Гранаткин Мемориалында керемет шабуылшы ретінде көрсете алды. Еркебұланның алаңдағы шеберлігін испаниялықтар жоғары бағалаған.
Еркебұлан Сейдахмет Ресейде өткен “Гранаткин Мемориалы” турнирінде ерекше көзге түскеннен кейін “Зенит” командасы сапында оқу-жаттығу жиындарына қатысты. Италияда өткен Viareggio Cup турнирі кезінде бір таймда покер (төрт гол соғып) жасап таңғалдырды. Алайда қазақстандық футболшы ФИФА-ның питерлік клубқа салған кәмелетке толмағандарды қатарға қоспау туралы тыйымына байланысты, “Зенитпен” келісім-шартқа отыра алмайды. Қазір футболшы “Тараз” футбол клубымен келісім-шартқа отырған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *