Сүтті панкейк

Құрамы: 1 стакан сүт; 1,5 стакан ұн; 2 ас қасық тазартылған өсімдік майы; 2 ас қасық қант; тұз; 1 дана жұмыртқа; жарты шәй қасық сода;
Дайындау әдісі: Алдымен шұңғыл ыдысқа қантты, соданы, бір шымшым тұзды, ұнды салып, жақсылап араластырамыз. Жұмыртқа, сүт пен тазартылған өсімдік майын бөлек ыдысқа салып, миксермен көпіршігенше араластырамыз. Қоймалжың сұйықтық көлемді бола бастағанда құрғақ қоспаларымызды қосып, қайта араластырамыз. Табаны отқа қойып, ас қасықпен дайын болған қоспаны дөңгелек етіп, суреттегідей құйыңыз. Қызара бастағанда ағаш қасықпен келесі бетіне аударамыз. Панкейк дайын. Асыңыз дәмді болсын!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *