Ұлылардың жолын қуған жастармыз (өлең)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алашым   арқа тұтар арыстаным,

Қазағымнан шыққан талай  барыстарым,

Тәуелсіздік өмірімнің тірегі боп

Алға қарай күн сайын қарыштадым.

 

Шымыр қазақ, спорт сүйген туғаннан,

Айналдым қазақтан шыққан балуаннан,

Бейбіт дейтін ағам барыс болды

Қажымұқанның жолын олда қуғаннан.

 

Боксшылар Бақтияр, Головкин, Серік деген,

Бокстан басқа спортқа желікпеген,

Бекзат атты ағамнан үлгі алып

Сол сияқты бокшсшы болуға желікпеген.

 

Ән мен күйін әрдайымда жалғаған,

Тербетіпті  қазақ жұртын арман ән,

Роза әпкем әлемді мойындатып

Бибігүл апамның ізін ол да жалғаған.

 

Қара өлеңмен бетпе-бет қауышқандар,

Ақындықпен барынша алысқандар,

Мұқағали ізін олар жалғастырып

Келеді Бақдәулеттей  Арыстандар.

 

Өмірді білімменен алмастырып,

Ұрпаққа білім берген жалғастырып,

Ыбырайдай педогог атамыздың

Ұстаздар келеді ізін оның жалғастырып.

 

Ойыменен тамсандырған талайынының,

Қазаққа күн шуақ болған арайымның,

Жас ойшылдар бүгінгі заманымда

Жалғап ізін келеді Абайымның.

 

Елі үшін бәрінеде қайратты ерлер,

Халқы үшін әрдайым айбатты ерлер,

Байтұрсынов пен Бөкейханов ізіменен

Келеді Асқар сынды қайраткерлер.

 

Қазағымда кең байтақ жер болған,

Жер қорғаған талай батыр ер болған,

Алпамыстай батыры болған қазақтың

Айналдым ғой  Қайратпенен  Ерболдан.

Жылап тұрып әрине күлетіндер,

Әр бейнеге әйтеуір кіретіндер,

Қазірде жастарымыз жетіп жатыр

Шәкен Аймановтың артынан еретіндер.

 

Жастарымыз ақтап келеді үмітті,

Ұлыларды айтшы кімдер ұмытты,

Әр салаға өз еңбегін сіңірген

Ұлылардан жастарымыз сыр ұқты.

 

Еліміздің болашағы біздер достар,

Онда бірге асйық белдерді асқар,

Өлтірмеуге тиісті алаш рухын

Мағжан Жұмабаев сенген жастар.

 

 Қойлыбаев Әзімбек Әбдіқұлұлы

Мақташы жалпы орта мектебі 10 — сынып оқушысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *