Менің арманым

25bet_f4Мен ұлы ақын Мұқағали атындағы мектепте оқимын. Оқуым жақсы. Мектепте әр түрлі үйірмелер бар. Мен күй үйірмесіне қатысамын. Ұстазым Сыдықбаева Айгүлден «Келіншек», «Кеңес», «Қосалқа» күйлерін үйрендім. Арманым- Асылбек Еңсепов секілді күйші болу. Ол үшін маған көп еңбектену керек. Мен еңбек пен талаптың арқасында осы мақсатқа жетем ғой деп ойлаймын. Өйткені, арман адамның қанаты емес пе?!.
Бекзат УПАН.
Алматы облысы,
Іле ауданы,
Өтеген батыр кенті.

ПІКІР ЖАЗУ